19 ақпан күні Көкпекті аудандық орталық ауруханасында «Өз денсаулығыңызды сақтау үшін скринингтен өтіңіз» атты конференция өтті. Іс шара Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру негізінде болды.
Конференция жұмысына Көкпекті аудандық орталық ауруханасының СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова, Көкпекті аудандық отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі, аудандық педиатр Н.Әубәкіров, Көкпекті аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г. Абдрасулова, Шұғылбай ауылдық округі әкімінің м.а. Е.Ниязбаев, Көкжайық а/о медбикесі А. Құсаманова, «Шуақты Шұғыла» және «Көкпекті-Толағайы» балабақшаларының меңгерушілері Г.Жұмашева мен Ж.Тоимбаевалар қатысты.
ШҚО және Көкпекті ауданы бойынша онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша статистикалық мәліметтерді Көкпекті аудандық орталық ауруханасының дәрігер-онкологы Р.Жұмағазина баяндады. Бүкіл аудан және орталық аудандық ауруханасы бойынша онкологиялық қызмет индикаторлардың негізгі көрсеткіштері аурушаңдық – 23 жағдай және Көкпекті ауданы бойынша 63 жағдай анықталған. Аудандық орталық аурухана бойынша қайтыс болғандар саны 8, ал жалпы аудан бойынша - 20. Аурудың асқынған түрінің ОАА бойынша – 2, ал аудан бойынша 6 жағдай анықталған.
Бұдан әрі онкологиялық ауруларды ерте анықтау және онкоқырағылық туралы айтылды. Онкологиялық сақтану-бұл кез келген емдеу-алдын алу мекемесінің кез келген онкологиялық патологияға күдік туғызатын симптомдарды болдырмауға бағытталған маман дәрігердің іс-әрекеттері. Онкологиялық сақтықты оқыту әр түрлі локализациядағы обырдың ерте диагностикасының деңгейін арттыратын маңызды компонент болып табылады. Санитариялық-ағарту жұмыстарын жетілдіру, скринингтік зерттеулер жүргізу, халықты диспансерлік тексеру, әртүрлі патологияға күдікті пациенттердің уақтылы жүгінуі, халықты кешенді тексеруді қолдану сияқты іс-шаралар кешені қатерлі ісіктерді уақтылы диагностикалауды және емдеу нәтижелерін жақсартады.
Көкпекті АОА жалпы тәжірибелі дәрігері Н.Оспанова скрининг және медицина қызметкерлері, жұмыс берушілер мен азаматтар тарапынан оны өткізуде ортақ жауапкершілік туралы әңгімеледі. Скрининг-бұл патологиялар мен ауруларды немесе олардың ерте сатысында пайда болу қаупін анықтау мақсатында халық тобын зерттеу. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыз» деп көрсетіп, адамның, жұмыс беруші мен мемлекеттің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті арттыруға шақырады. Мемлекеттің ортақ жауапкершілігі ересек адамдар мен балаларға тегін скринингтік - тексеру жүргізу, қызметкердің денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс берушінің міндеті қызметкерлердің скринингтік тексеруден өтуі үшін жағдай жасау, ал азаматтардың міндеті дер кезінде скринингтен өту және салауатты өмір салтын жүргізу болып табылады.
Аудандық фтизиатр А.Алдажұманова өзінің кіріспе сөзінде әлеуметтік-маңызды ауруларды анықтаудағы флюорографиялық зерттеудің тиімділігі жайлы айтты. Флюорографияның негізгі міндеті-жасырылған аурулармен ауыратын науқастарды бастапқы даму сатысында анықтау және есепке алу үшін халықты жаппай тексеру жүргізу. Ауру ерте анықталса, науқас пен оның жақындарына да аз қайғы мен қамқорлық әкелетін болады. Уақытында басталған емнің тиімділігі жоғары, ал емдеу мерзімі аз болады. Сонымен қатар, жұқпалы ауруларды ерте анықтау (мысалы, өкпе туберкулезі) дені сау адамдарды жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өкпе обырының ерте кезеңдерін анықтау мүмкін емес, оны дер кезінде емдеу өте тиімді. Флюорография әдісімен өткен жылы Көкпекті ауданында 11223 адам тексеріліп, 19 туберкулез-бен ауырғандар анықталды. Оның ішінде 10 науқаста ауру ерте даму сатысында анықталды, соның нәтижесінде қазіргі уақытта бұл адамдар толығымен емделді. Жалпы емдеу тиімділігі жүз пайыз болып табылады.
Бүгінде заманауи медицина алға дами бастаған және де көптеген соның ішінде өлімге әкеп соқтыруы мүмкін ауруларды да емдеуге мүмкіндік бар. Алайда, бір міндетті шарт – патологияны дәрігерлер ерте даму сатысында анықтау керек. Бұл дегеніміз, адамның өзі тұрақты тексеруге мүдделі болуы керек. Сондықтан скринингтік зерттеулерді елеумеуге тырыспаңыз, өйткені олар қауіпті ауруларды анықтауға көмектеседі және уақытында көмек сұрап келгендердің өмірі мен денсаулығын құтқара алады.
Виктория ГАРМАШОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.