Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде еліміз бойынша 1-қазан – халықаралық Қарттар күнінде аға буын өкілдеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Бұл үрдістен Көкпекті ауылында орналасқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да кенде қалып көрген емес. «Дария кеуде тау мүсін» деп ақындар жырға қосқандай, арамызда жүрген осы бір жандарға арнап орталықта «Қартқа бізден, құрмет бар» атты мерекелік кеш болды.


Әр жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін 1 қазан - Халықаралық қарттар мерекесі орталықта биыл айрықша аталып өтті. Кеште орталықта қызмет алушылар мен қызмет етушілердің ұйымдастыруларымен концерт қойылды. Осы аталмыш мерекеге мені арнайы шақырып қонақ қылғаны үшін орталық ұжымына ризашылығымды білдіргім келеді.
Тағдыр тәлкегіне түскен балалармен жұмыс істеп отырған ұжымның басшысы Райхангүл Капезқызы және қызметкерлердің еңбектеріне табыс тілеймін.
Қорыта келе, «Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес» дегендей осынау ұлағатты сөзді зейініне зерделеген ұрпақтарымыз көп болсын дегім келеді.

Мұқан Қалиқанов, зейнеткер,
Көкжайық ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз