Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан барлық іс-шара қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Балабақша тәрбиеленушілері де өз үндерін қосып, белсенділік танытуда. Рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда, балабақшада көптеген жұмыстар жүргізіліп, балалардың сапалы білім алуына, тәрбиешілердің жаңа технологияларды, жаңаша әдістерді білім беру жүйесінде қолданып, әр үйдің үміті болған кішкентай бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан бастау алуы қажет. «Көкпекті Толағайы» атты балабақшасында рухани жаңғыру аясында «Еркетай» тобының балалары ата- аналармен қатысқан «Қыс қызығы» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Бұл сайыс балаларды ептілікке, жылдамдыққа батылдыққа баулу, спортты сүюге, спорт арқылы салауатты өмір сүруге баулу, ойынға, ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру. Қайратты, шымыр болуға тәрбиелеу. «Спорттық сайысты:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.» - деп, спорт жетекшісі Елдос Төкенов бастады. Бүгінгі ата- аналарымен сайысқа қатысушы «Сұңқар» тобынан Әділ Алпысбаев анасы Жайнагүл Тоимбаева, Ертай Әділжан апасы Шолпан Нұрасылова, Айерке Нұржанова апасы Айжан Кұсаинова, Әли Төребаев анасы Жұлдыз Жұмағұлова және «Тұлпар» тобынан Ясиина Донбаева апасы Венера Кұнапянова , Дамирұлы Санжар әкесі Дамир, Жанұзаков, Әлмансұр Садықов анасы Назерке Садықова, Нұрай Маратова атасы Марат Оспанов ұрандарын айтып өздерін таныстырып өтті. Жарыс алты кезеңнен тұрды. «Қай топтың шанасы алда» әр топқа бір шанадан, оның үстіне бір баладан отырғызып белгіленген жерден айналып уақытында бару, «Қар лақтыру», ұлттық ойын «Теңге алу», «Ыдыстан – ыдысқа қалақпен қар тасу», «Арқан тартыс» ойынын бүлдіршіндеріміз ата – аналарымен белсене жарысып, мәз болып, қуанышқа кенелді. Ойындар сайысы өте қызықты өтті. Қыс мезгіліне байланысты жұмбақ сайысында да шешуін тауып жарыса жауап берді. «Еркетай» тобының тәрбиешілері А.Кұсаинова, Р.Көкенов жарыс алаңын безендіріп, әуен қосып, бүлдіршіндерге шаттық көңіл-күй сыйлап, өте тартымды ұйымдастырды. Әділқазылар алқасы «Көкпекті Толағайы» балабақшасының әдіскері Т. Құнапиянова, музыкант З. Оразаева, меңгерушісі Ж.Тоимбаева балалардың қысқы ойынды жақсы ойнағанын, сайысқа белсене қатысқанын қортындылай келе, І орын алған «Сұңқар»,ІІ орын «Тұлпар» тобын марапаттады. Елдің ертеңгі тірегі – балабақшадағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептейміз.
Әния Кұсаинова,
«Көкпекті Толағайы» балабақшасы
«Еркетай» тобының тәрбиешісі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.