Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бала-өміріміздегі ең құнды нәрсе, сондықтан оларға қамқор болып өмірлерін жақсартуға барынша мүмкіндік жасауымыз қажет. Балалардың күлкісі мен сәбилердің бақытты көзі, бәлкім, әлемдегі ең үлкен байлық.

Ағымдағы жылдың 31 мамырда Көкпекті ауылындағы орталық аудандық аурухана қызметкерлерінің балалары үшін «Балалар - біздің бақытымыз!» атты халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Аталмыш шарада клиника-диагностикалық емханасының меңгерушісі Нұрлан Әубәкіров құттықтау сөз сөйлеп, аталық тілегін білдірді. Бұл күні бүлдіршіндер өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен бірге көңіл көтерді. Күлкілі байқаулар, ойындар, әндер, билер, спорттық эстафеталар және ««Ана, әке және мен - спорттық отбасым» атты сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге тәтті мақта, поп-корн, шырын таратылды. Балалар асфальт үстіне түрлі түсті борлармен әр түрлі суреттер салды. Мерекелік кеш соңында аурухана кәсіподақ комитеті барлық балаларға сыйлықтар табыс етті.


Балаларды қорғау күні - бұл тек балалар көңіл көтеретін күн ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға балалардың құқығын қорғау керектігін тағы бір еске салатын күн, барлық балалар бақытты болып өсіп, оқып, сүйікті ісімен айналысады және болашақта олар үлгілі ата-ана және елінің елеулі азаматтары болады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз