Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Серікбай Рсымбетовты көпшілік ұзақ жылдан бері қарапайым такси жүргізушісі, әнші, құрылысшы - бір сөзбен айтқанда қазақтың нағыз сері жігіті екенін ілеуде біреу ғана білер. Біздің әңгіме оның тағы бір қырынан көрінген сурет салу өнері төңірегінде болмақ.
«Жігітке жеті өнерде аз» дейді дана халқымыз бойында сан қырлы өнері бар Серікбай аға туралы айтар әңгіме көп. Біз бүгін бұл азаматты суретші ретінде таныдық. Ол кісінің айтуынша сурет салуды мектеп жасында бастаған, бірақ өмірдің ағымымен ол музыка саласына бет бұрған. Әншілік өнерімен Көкпекті ауданындағы «Толағай сазы» тобында еңбек етті.


- Мен сурет саламын деп жоспарлаған жоқпын. Осы қыста денсаулығыма байланысты үйде болдым. Басында суретті жай ермек үшін уақыт өткізу үшін салдым. Уақыт өте келе қызығушылығым артып, сурет салудың құдыреті мені баулап алды. Сурет салғанда дем алып, жаңа күш-қуат аласың, - деп өз ойымен бөлісті әуесқой суретші.
Осы уақытқа дейін әр түрлі жанрда сурет салған қылқалам шеберінің алда жоспарлары көп. Ол өз туындыларын дос-туыстарына сыйға тартты. Мәселен жуықта Көкпекті ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайына Толағай тауының суретін салып сыйға тартты.
Серікбай Рахымғазыұлы бір немеренің атасы, отбасындағы үлгілі, қамқор отағасы. Осындай азаматтар ортамызда саусақпен санарлықтай. Сондықтан да, Серікбай ағамызға отбасына үлкен бақыт тілей отырып, әрқашанда өнердің биік белесінде биік самғасын дегіміз келеді!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз