13-19 қараша аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіздік жол жүрісі» акциясы аясында І.Жансүгіров атындағы орта мектептің бастауыш сыныптарында «Жүргізуші! Менің өмірімді сақта!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Шара бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Орынбасарқызы Биназарова ұйымдастыруымен өтті.
Сынып бөлмесі талапқа сай безендіріліп, интерактивті тақтада жолда жүру ережесіне сай жасалынған слайд бастауыш сынып оқушылары үшін тақырып мазмұнын толықтыра түсті. Сыныптан тыс өткен тәрбие шарасында бастауыш сынып оқушылары өз білімдерін топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы көрсетіп белсенділік танытты. Қазіргі заман талабына сай өмір қауіпсіздігі шарасын ұйымдастыра білген білікті, өз мамандығын бақытым деп білетін ұстаз Гүлжан Орынбасарқызы мектебіміздің мақтанышы. Осы білім ордасындағы 35 жылдық еңбек тәжірибесі жас ұстаздарға үлгі-өнеге мектебі десе болады.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлағатты сөздің мәнін ұғып, өзінің мамандығын жақсы көріп, бар өнері мен білімін жас ұрпақты тәрбиелеп, өмірден өз орындарын табуға жетелеген ұстаздың еңбегі мақтан етуге тұрарлық.
Р.Әбішева,
І.Жансүгіров орта мектебінің тәлімгері
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.