Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Өткен аптада ауданымызға таны-мал атымтай жомарт жан «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Дюсембаевтың ұйымдастыруымен жау-жүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. «Көкпар» Қайрат ағамыздың ұлының сүндет тойы құрметіне берілді.
Қарттарды құрметтеу, олардың еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан үлестерін мойындау белгісі ретінде Үлкенбөкен ауылдық округінде қазан айында жыл сайын Қарттар күні мерекесі атап өтіледі. Биылғы жылы да дәстүрге сай Үлкенбөкен ауылында «Баян» дәмханасында дастархан жайылып, концерт қойылды. Округ әкімі Н.Назархановтың құттықтау сөзімен басталған іс-шара қариялардың ізгі-тілектерімен жалғасын тапты. Ауданнан осы мерекеге арнайы келген ауданның жезтаңдай әншілері Жаңабай мен Кеней қарттарымызға әсем әндерін арнады. Апаларымыз бен аталарымыздың жүздері қуанышқа толып, бір бірлерімен сырласып, көңілдері марқайып қалғаны анық. Сондай-ақ мейрамға келген ақ жаулықты әжелеріміз тамылжыта ән салып, өз өнерлерін ортаға салды.
Толығырақ...Қазақ халқы қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет», «Қарттарым - асыл қазынам» деп, үлкендер алдынан кесе көлденең өтпей, ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерге сый-құрмет көрсетіп, баға жетпес байлыққа теңеген. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп, өсіріп жеткізген аналарымыз бүгінде кешегі бейнетінің зейнетін көріп, ақ әжемізге айналса, ұжымшар-кеңшарларда мал бағып, жер жыртып, жоспар орындап, аянбай тер төккен азаматтар бүгінгі күні зейнет жасқа жетіп, ақсақалды ақылшымыз боп отыр.
Ақой ауылындағы білім ордасы А.Пушкин атындағы орта мектебінде жер-жерлерде жылылық пен мейірімділікке толы мейрам – Халықаралық қарттар күні аталып өтті. Мектеп директоры Ринат Қажиакберовтың бастамасымен үлкен мереке ұйымдастырылды.
«Алтын күннен бағасыз бір белгі боп» келе жатқан нұрлы жұлдыз – бабамыздың тілі, дана тіліміз, ана тіліміз. Көкжайық орта мектебінде Тілдер мерекесі айрықша сән-салтанатымен аталып өтті. Апталықтың ашылуында сөз бастаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Аяулым Қалиқанқызы, Сания Алыбекқызы және Дархан Советұлы ана тілімізде жыр шумақтарын оқып, Мұхтар Шахановтың «Төрт анасын» шабытпен жырлай келе, орыс және ағылшын тілдерінде де еркін сөйлеп апталықтың жоспарымен таныстырды. Қазақ тілінің байлығын көрсетіп, қадір-қасиетін жырлауға арналған сейсенбі күні мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қазақи үлгідегі киімдерін киіп, үзілістер барысында «Мен - қазақпын», «Анамның тілі» әндері қосылып тұрды.
Толығырақ...Заманның заңғар тұлғасы,Ұлы Даланың озық ойлы ғұламасы, сөз патшасының қас зергері хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында М.Әуезов орта мектебінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалимасы, жас ұстаз Мақпал Жеңісқызы Қапасованың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары қатысқан «Абай әлемі» атты Әдеби сазды бағдарлама өткізілді.
Ұлы ақынның зор толғанысынан туындаған, сол заманының қилы кезеңдерінің көрінісін мағынасымен-ақ беретін өлеңдерімен, ой түбі-нен шыққан шерлі-шерлі сөздерін 2 сынып бүлдіршіндерінен бастап жоғарғы сыныптың шәкірттерінің кезекпен шығып, балғын үнмен мәнерлеп мүдірмей оқығанын рахаттанбай, толқымай тыңдау мүмкін емес. 9 сынып оқушысы Данияр Кеңестің жас Абайдың бейнесіне кіріп сомдауы да бек жарасып үйлесімді болды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.