Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы өзінің нақтылығы әрі дәлелділігімен айшықталды. Стратегиялық мазмұны бар құжатта анықталған бес міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» актив жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Талғатұлы Майкенев төрағалық еткен актив жиынына ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме басшылары, «Нұр Отан» партиясы филиалының, этно-мәдени бірлестіктерінің, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, білім, денсаулық сақтау саласының, жастар ұйымдарының өкілдері қатысып отырды. Жиын барысында алғашқы сөзді аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Талғатұлы өзі алып, тұщымды баяндама жасап, Жолдауда белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірқатар бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.


Ең алдымен өз баяндамасын оқыған Жасұлан Талғатұлы Жолдауда қарас-тырылған аудан атқарар жұмыстарға тоқталды. Және осы жұмыстарды басшылыққа алуды орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырма етіп берді. Жиын барысында әр саланың қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, Жолдаудың маңызды жақтарына мән берді.
- Президентіміз Қасым–Жомарт Кемел-ұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртудың жаңартылған бағыттарын қамтыды. Ол ел тұрғындарының барлық топтарының мүдделерін көздейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында: Елбасы саясатының сабақтастығы толықтай сақталатындығын тағы бір мәрте атап өтіп, өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында берген уәделерін міндетті түрде орындайтынын баса айтты. Қазақстан Президенті нақты тапсырмалар жүктеп, оларды орындауға қысқа мерзім белгіледі. Жолдаудың «Заман талабына сай тиімді мемлекет» атты бірінші блогында, Мемлекет басшысы, биліктің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тармақтарын нығайту қажеттігіне тоқталды. «Саяси жүйенің бұл формуласы, мемлекет тұрақтылығының негізі» деп көрсетті.
Біздің міндет - халықпен тұрақты диалог орнату арқылы, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін, жедел, әрі тиімді қарастыру.
Атқарушы билік органдары жұмысындағы негізгі басымдық - ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару.
Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің негізінде аудан әкімінің ресми сайтында аудан әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу жос-парлануда.
Ағымдағы жылы 15 тамыздан бастап, тәжірибелік режимде, СМС хабарлармен қаралатын, азаматтар өтініштерін бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл бізге өтініш берушілердің, мемлекеттік органдар жауаптарына қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Бірлік түбі - береке. Мемлекет басшысы атап көрсеткен міндеттерге жету үшін алдымен ауызбіршілік керек. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін күш салып еңбек етсек біз алмас асу болмайды. Жолдауда көрсетілген әрбір міндетті орындауға қазақстандық кез-келген азамат мүдделі және міндетті. Әрқайыссымыз тарыдай үлес қоссақ, таудай тірлік бітеді, - деген Жасұлан Талғатұлы аудан белсенділеріне нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімі орынбасарының баяндамасын тыңдап, тиісті тапсырмаларын алғаннан кейін Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау көрсеткен азаматтар жарыссөзге шықты. Кезекпе-кезек мінберге көтерілген «Кәсіпкерлер палатасының» Көкпекті ауданы бойын-ша филиалының директоры Әлия Мұқашева, аудандық маслихаттың депутаты Елена Сихварт, «Жастар қоғамдық бірлестігінің» жетекшісі Жарбол Алпысбаев мемлекет басшысы Жолдауының маңыздылығын алға тартып, ондағы ел дамуына бағытталған мақсат, міндеттердің орындалуына бірлесе атсалысатындықтарын жеткізді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз