Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Алтын күннен бағасыз бір белгі боп» келе жатқан нұрлы жұлдыз – бабамыздың тілі, дана тіліміз, ана тіліміз. Көкжайық орта мектебінде Тілдер мерекесі айрықша сән-салтанатымен аталып өтті. Апталықтың ашылуында сөз бастаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Аяулым Қалиқанқызы, Сания Алыбекқызы және Дархан Советұлы ана тілімізде жыр шумақтарын оқып, Мұхтар Шахановтың «Төрт анасын» шабытпен жырлай келе, орыс және ағылшын тілдерінде де еркін сөйлеп апталықтың жоспарымен таныстырды. Қазақ тілінің байлығын көрсетіп, қадір-қасиетін жырлауға арналған сейсенбі күні мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қазақи үлгідегі киімдерін киіп, үзілістер барысында «Мен - қазақпын», «Анамның тілі» әндері қосылып тұрды.

Туған тілімізге деген ерекше құрметтің белгісін 8-10 сынып оқушыларының дайындаған сахналық қойылымдарынан байқауға болады. Тіліміздің бүгінгі жай-күйі тебіреніспен берілген бұл қойылым оқушылардың сезім қылына әсер етпей қоймағаны анық. Сәрсенбінің іс-шаралары орыс тілін дәріптеуге арналса, бейсенбі күні мектеп оқушылары тізіліс барысында ағылшын тілінде жыр жолдарын оқып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шырқады. Жұма күні апталық бойынша қорытынды жүргізіліп, белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Өткізілген апталық теңізге тамған тамшыдай болса да, оқушылардың санасына әсер етеді деген үміттеміз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадыр атамыз жырлағандай, ана тіліміздің абыройын көтеру өз қолымызда.


А.Әзімбаева, қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз