Ауылдарды абаттандыру және тиісті санитарлық жағдай жасау, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы уақытта әрбір ауыл тұрғынының демалуына, спортпен шұғылдануына, халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау үшін көңіл бөлінуде. Бұған бір дәлел ағымдағы жылдың 21 тамызында Құлынжон ауылдық округінің Көкжыра ауылында футбол және балалар ойын алаңының ашылуы өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.К.Теміржанов, "Әшім С" ЖШС құрылыс фирмасының мердігері - директоры Т.А.Сағатов, қоғам өкілдері, ақсақалдар кеңесі мен әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты. Айтулы іс-шарадан барлық ауыл тұрғындары қағыс қалмады.
Ашылу салтанаты әжелеріміздің ақ шашуымен басталып, мектеп оқушылары күмбірлете орындаған күй үнімен жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары М.К.Теміржанов, "Азат" ШҚ басшысы М.Желдібаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Назира Көкашпаева құттықтау сөз сөйледі.
Лента қию мәртебесі Амангелді колхозындағы мал шаруашылығы фермаларында 38 жылдан астам еңбек етіп, ауылдастарының алдында зор құрметке ие Көкжыра ауылының көпбалалы аналары Сәкенова Нақызада, Сембинова Бағдатқа табыс етілді.
Осы күні көкжыралықтар үшін тағы бір көптен күткен оқиға болды - Самар-Көкпекті негізгі жол магистралынан ауылға баратын ұзындығы 3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды. Жол құрылысына бюджеттен 7, 200 000 теңге бөлінді.
Бұл күні қуаныш үстіне қуаныш қосылып, жақын арада Құлынжон ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілетіні тілге тиек етілді. Онда су құбыры желілерін орнату бойынша іс-шаралар толық жүзеге асырылды.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Жыл сайын аудан орталығы Көкпекті ауылы көркейіп келеді, оған бәріміз де қуанамыз. Ауылға әдемі сыртқы келбет беру - күрделі міндет. Осы міндеттің үддесінен шығып жатқан ауыл округ әкімі Қайрат Алғазинов пен аудан әкімі Асхат Смаиловтың алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындауы арқасында Абылайхан даңғылы адам танығысыз өзгеріп қаладағыдай құлпырып тұр. Негізгі көшелерде тәртіп көрініс тапса, абаттандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп жатыр.
Толығырақ...Қарағандыкөлдіктер 11 әріпті де тілдері шыға салысымен тастамай, мүдірмей ежелеп тұрып «Қарағандыкөл» деп мақтанышпен атайды. 1967 жылы Қарағандыкөл кеңшары құрылды. Осы өткен жылдарда шаруашылықты басқарған азаматтар Зарықбай Жылқыбаев, Әбдеш Жуасбаев, Кенжехан Айжолов, Әйтім Доғанбеков, Қараменде Әкімжанов, Аманғали Мақұлбаев, Кәмелбек Қажыкеновтер болды. Бір өзінде үш ферма – Мамай, №2, №3 бөлімшелері, Шұбарши, Күйгенбаз қыстақтары, жайлауы сонау Тарғыбатайдың Елекесіне дейін кететін ірі шаруашылық неше мыңдаған ұрпаққа пана болып, қасиетті атамекен болған.
Биыл 30-шы рет ұйымдастырылып отырған ауған соғысы құрбаны, жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жерлесіміз Разаков Нұрсұлтанды еске алу турнирі «Ауыл күні» мерекесіне ұласып, көғалды кең жазықта ұлан-асыр той болды. Еске алу мен турнирды 30 жыл бойы тоқтатпай өткізіп келе жатқан Болат Далабаев, Ерназ Исабаев, Қыдырбек Абетаев пен Қайрат Далабаев, өзі жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, ауған соғысының батыры. Қаза тапқан жолдастарын еске алуда Аян Халиульдин мен Ерлан Жұмажанов та болды.
Толығырақ...Мариногорка ауылдық округінде 20 шілдеде «Таза ауыл» сенбілік күні өтті. Шараға ауыл тұрғындары, әкімшілік қызметкерлері, мәдениет үйінің меңгерушісі, ауылдық кітап-ханашы қатысты. Сенбілікте әкімшілік, пошта маңайлары сыпырылып, шөп басқан жерлерді тазарту, көшеттер мен гүлдерді суару жұмыстары жүргізілді. Көшелердегі ағаштардың түптері ақталып, қағаз-бөтелкелер жиналды. Сондай- ақ гүл егетін қоршаулар әр түрлі түстерге боялып, әкімшілік ауласына ерекше сән берді. Осындай сенбілік іс шаралары әрі қарай жалғасын табады деп сенеміз.
Ауылдық округтің ақпараты
Нұр-Сұлтан қаласы мәдени дамудың, жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Бас шаһарымыз күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Нұр-Сұлтан қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Абыройлы астанамыздың мерекесі Бастаушы ауылдық округінде де қалыс қалған жоқ. Елорда күніне арналған әндер айтылып, Абай орта мектебінің оқушылары «Жастар» күйін орындады.
Б.Рапеков, Бастаушы ауылының клуб меңгерушісі
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.