Өткенмен ешкімнің жоқ таласпағы,
Тарихқа тағзым ету нақ асқары.
Ұрпаққа үлгі болып мәңгі тұрсын,
Ерлердің монументі Қараштағы.
Адамзат тарихындағы жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына келесі жылы 70 жыл толады. Бұл дата барша қазақстандықтар үшін үлкен маңызға ие. Себебі, барша адамзатқа ортақ құндылық – бейбітшілік үшін қару асынып, өр кеуделерін оққа тосқан жауынгерлердің құрамында қазақ жерінің айбынды жігіттері де болды. Әсіресе, бұл мереке Подгорное ауылы үшін ерекше болмақ. Өйткені, осы ауылдан шыққан Иван Яроцкии, Николай Фонов, Сергей Седнев есімді үш батыр жеңістің бір табан жақындай түсуіне себепкер болып, сол жолда өздерінің өмірлерін құрбан қылды. Біздің мақсатымыз – аталмыш ауылды өз атына сай қылып, гүлдендіру, көріктендіру. Себебі, осындай батырларымен мақтана алатын шағын ауыл облыста, тіпті, республикада жоқ десек, артық айтқандық емес.
Толығырақ...Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі халайық! «Тәуелсіздік – алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі - көк байрақ, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі - Әнұран, төртіншісі - қазақ тілі», - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық сезім ұялататын - осы рәміздеріміз.
Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан да, мемлекеттік рәміздеріміз — тәуелсіздігіміздің айғағы.
Өз халқымыздың, өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің ресми қалыптасқан құндылықтарын бағалап, қастерлей білу – әрбір қазақстандық азаматтың қастерлі борышы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші. Мемлекеттік рәміздерге жергілікті ұлт өкілдері ғана емес, қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстар да құрметпен қарауы шарт. Мемлекеттік рәміздер патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда, ерекше мәнге ие. Рәміздерде қазақ халқының дүниетанымымен қатар тарихына да айрықша мән берілген. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп қалатын асыл мұратымыз, ұлттық ерекшелігіміз.
Баршаларыңызға мықты денсаулық, зор бақыт пен амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Д.М.Мусин, аудан әкімі
Р.Беспаев, мәслихат депутаты
Соңғы қоңырау - барлық қазақстандық мектеп бітіруші түлектер үшін дәстүрлі мереке. Аудан әкімі 25 мамырда Палатцы ауылдық округі Подгорное ауылының мектебінде болды.
Мектепте оқитын кезең ең алаңсыз өтетін жылдар болса, соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасудың нышанындай. Бұл – үйреншікті ертеңгілік емес, бұл – өмірдің белгілі бір баспалдағымен қоштасып, жұмбақ пен құпиясы, бұралаң жолдары көп болашақпен кездесу. Міне, сол үшін де соңғы қоңырау түлектер мен ұстаздар, ата-аналардың көздеріне еріксіз жас үйірілтетін шамалы мұңды күн. Алайда, бұл – келешекте не күтіп тұрғанын асыға күту, қимастық сезімнен туған көңіл толқынысының мұңы.
Подгорныйлықтар үшін ең жағымды жаңалық аудан әкімінің жақын арада бұнда мектептің жабылуы жоспарланбағаны туралы айтқан сөздері болды. – Онымен қоса, бұл ауылда келесі жылы - мектеп, клуб, дәрігерлік пункт сынды барлық әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу жоспарлануда, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Толығырақ...Подгорное ауылында өткен мамырдың жылы әрі ыстық күнімен, сыңғырлаған көктем құстарының шырылдауымен келетін «Соңғы қоңырау» салтанатына аудан әкімі Д.М.Мусин қатысып, мектеп түлектерінің қуанышына ортақтасты.
«Инвестициялық жоба» деген сөз тіркесі қазіргі күні екінің бірінің аузында. Бұл нені білдіреді, оның артықшылығы неде, неге бағытталған? Ол жайында аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімовамен әңгімелестік.
-«Инвестиция» терминінің өзі латынның “invest” сөзінен шыққан, яғни «салу» деген мағынаны білдіреді. Алайда, инвестиция тек қана қаржы салудан ғана тұрмайды. Ең бастысы, инвестицияның екінші бөлігі – кәсіпорынның инновациялық дамуы, модернизациялау, жаңа технологияларды енгізу арқылы кіріс кіргізу болып табылады. Осылайша,жобаны инвестициялау – бір нысанды инновациялық дамыту үшін қаржы құю деген сөз.
Инвестициялар жеке кәсіпкерлікті кеңейту, жаңа кәсіпорындарды дамыту, бизнестің жаңа салаларын игеру арқылы диверсификациялау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі күні ауданда 11 инвестжоба қарастырылған. Олардың барлығы да аграрлық саланы дамытуға бағытталған. Оның ішінде үш жоба мал өнімдерін терең өңдеуге негізделіп отыр. Ол – ет, сүт, қымыз өндіру. Балық шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған екі жоба айрықша назарда. Олар дамудың барлық сатысын қамтиды, яғни уылдырықтан шабақ өсіру мен өскен балықты өңдеуге дейінгі жолды қарастырады. Әрине, олардың толықтай жүзеге асуы үшін уақыт қажет. Алайда, кәсіпорындар толықтай қуатына енгенде ол ерекше серпіліс береді. Оның соңынан аралық салалар да дамитын болады. Ең алдымен, бұл туризмге қатысты болмақ. Бірқатар жоба бойынша мал бордақылау алаңдарын құру да жоспарланған.
Инвестжобалардың тізбегі аталған кәсіпорындармен шектелмейтінін атап өту керек. Қазіргі күні көптеген кәсіпкерлер «Даму-Өндіріс-2», «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларын және басқаларды өз бизнестерін инвестициялауға пайдаланады. Кәсіпкерлікте әлі де игерілмеген сала көп, әркімнің де өз ісін бастауға мүмкіндігі бар.
Надежда ШАРОВА
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.