Соңғы қоңырау - барлық қазақстандық мектеп бітіруші түлектер үшін дәстүрлі мереке. Аудан әкімі 25 мамырда Палатцы ауылдық округі Подгорное ауылының мектебінде болды.
Мектепте оқитын кезең ең алаңсыз өтетін жылдар болса, соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасудың нышанындай. Бұл – үйреншікті ертеңгілік емес, бұл – өмірдің белгілі бір баспалдағымен қоштасып, жұмбақ пен құпиясы, бұралаң жолдары көп болашақпен кездесу. Міне, сол үшін де соңғы қоңырау түлектер мен ұстаздар, ата-аналардың көздеріне еріксіз жас үйірілтетін шамалы мұңды күн. Алайда, бұл – келешекте не күтіп тұрғанын асыға күту, қимастық сезімнен туған көңіл толқынысының мұңы.
Подгорныйлықтар үшін ең жағымды жаңалық аудан әкімінің жақын арада бұнда мектептің жабылуы жоспарланбағаны туралы айтқан сөздері болды. – Онымен қоса, бұл ауылда келесі жылы - мектеп, клуб, дәрігерлік пункт сынды барлық әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу жоспарлануда, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Мектеп түлектеріне қарата айтқан сөзінде олар үш Совет Одағының Батырлары шыққан даңқты ауылдарына сай, олардың ерлік істерін лайықты жалғастырушылар бола білулері керектігін ескертті. - Бұл, әсіресе, бүгінгі күні үлкен маңызға ие. Өйткені, келесі жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы аталып өтпек. Бұл ауыл біздің ауданымызда өтетін мерекелік және салтанатты шаралардың үлкен орталығына айналады, - деді аудан әкімі, мерекенің құрметті қонақтарына – соғыс және тыл ардагерлеріне арнаған сөзінде. Ол түлектерге сәт сапар мен барлық арман-тілектерінің орындалуын тіледі.
Дәстүр бойынша, түлектерді бірінші сыныптың балдырғандары, мектеп директоры, сынып жетекшілері мен ата-аналар құттықтады. – Сендер үшін бүгін барлық мүмкіндіктер есігін айқара ашуда. Тек, қиындықтарға мойымай, алға қарай ұмтылсаңдар, армандарыңа қол жеткізесіңдер, - деді тыл ардагері А.Писмаркина өзінің құттықтау тілегінде.
Соңғы қоңырау сыңғырлады. Қоңырау үнімен сендер жаңа өмірге аттанасыңдар. Олай болса, әрқайсың өз таңдауларыңды жасап, белгілі бір мамандықты лайықты алып жүресіңдер деген сенімдеміз.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындық мәселесі соңғы қоңырау мерекесінен соң аудан әкімі өткізген жұмыс кеңесінің күн тәртібіндегі басты тақырыпқа айналды. Әлеуметтік нысандарды мен соғыс жылдары қаза болғандардың ескерткішін аралағаннан кейін ол бұл мәселе бойынша ақпан айында өткен есептік жиында тапсырма берілгене қарамастан, мерейтойлық датаға дайындықтың әлі басталмағанын атады. – Аталған жұмыста бөгде бақылаушылардың қажеті жоқ. Бастама ауыл адамдарынан шығуы керек. Бұл жұмыста негізгі рөлді мемлекеттік-жеке меншік серіктестік атқаруы тиіс, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. Әр отбасының міндеті - өз қора-жайы мен аумағын абаттандыру. Әрине, бұл игілікті іске қожалық басшылары, кәсіпкерлер, атақты жерлерсет өз үлестерін қосады. Өйткені, Ұлы Отан соғысында қаза болғандар жайлы естелік мәңгіге сақталып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала береді емес пе! Бұған дәлел ретінде, Подгорное ауылы тұрғындарының азаматтық белсенділігін айтуға болады. Яғни, олар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер жерлестеріне арналған ескерткішті салу және оны жөндеуден өткізу бойынша бастама көтерді. Дәл осы тұрғындар атақты жауынгерлердің ұрпақтарымен байланыс құрып, олардың тағдырларына байланысты жаңа, бұған дейін белгісіз болып келген тұстарын ашуда.
Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі ауылдастардың азаматтық бастамаларын дамыту мен қолдау керектігіне, олардың тың идеяларын жүзеге асыруға көмектесетін қоғамдық қор құруға баса назар аударды.
Подгорное ауылында өткізілетін мерекелік шаралар мәселесін жуықта ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі де айтқан болатын. Ол бұған қатысты облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларына хаттамалық тапсырмалар берген. Аудан әкімінің айтуы бойынша, осы аптада Подгорное ауылында кеңейтілген жиын және тұғындармен кездесу өткізіледі. Оның барысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық жоспарлары талқыланып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіледі.
Надежда ШАРОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.