Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан айындағы Қарттар күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орайластырылып, «Жас Отан» жастар қанатының ауылдық округтердегі жастар ұйымдары бірқатар шараларды өткізді. Солардың бірі Самар ауылында ұйымдастырылған кездесулер болды. Самар ауылында соғыс ардагерлері саусақпен санарлықтай қалды. Солардың ішінде жалғыз әйел адам бар. Ол Валентина Степановна Федосова. Жасы 93-ке келген жауынгер-ана бұл кездесуді тосын сый ретінде қабылдады. Кездесуге арнайы үйіне келген екі орта мектеп пен агротехникалық колледждің оқушыларын ол қуана қарсы алды. Жылуын аямай тұрған күздің мизамшуақ айында ауладағы демалыс бұрышында өткен кездесуде балалар Валентина Степановнаға қызықты сұрақтар қойды.

Толығырақ...

Өткен жұмада аудан орталығындағы ауласынан бақытты балдырғандардың былдыр үні мен шаттыққа толы күлкісі бір тынбайтын «Шуақты шұғыла» балабақшасында Тілдер мерекесіне арналған ертеңгілік болып өтті. Іші-сырты көріктілігімен көз тартып тұрған құтты ұяға кіргенімізде екінші қабаттағы акт залы сахнасында 3-4 жас арасындағы кіп-кішкентай періште сынды нәзік үнді бал тілді бөбектер хормен «Астана» әнін әуелетіп тұрды. Жас ерекшеліктеріне қарай әр түсті бантиктер және галстуктар таққан тәп-тәтті балапандардың алаңсыз да қамсыз бақытты жүздерін көрудің өзі бір ғанибет еді.

Толығырақ...

Ұлы Отан соғысы аяқталып, арада қаншама жылдар зымырап өткенмен, оның салған жарасы талай жүрекке түскен дақ боп қалды. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген жанның бірі – Көкжайық ауылдық округіне қарасты, Қарамойыл ауылының тұрғыны Ақшолақова Кәмила әже.

Кәмилә әжеміздің үйіне барған кезде бізді жылы шыраймен кенже келіні Жаңыл апай қарсы алды. Өкінішке орай, Кәмилә әжеміз сырқаттанып қалғандықтан, апамыз жайлы Жаңыл апай айтып берді. Алған мәліметтерге сүйенсек, 1922 жылы 20 қаңтарда дүние есігін ашқан Кәмилә апаның балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келіпті. Ел басына қиын қыстау заман орнағанда ол да аянып қалмаған. Қаншалықты адам төзгісіз ауыр жұмыстарды атқарған кейуана ұрпағының ертеңін ойлағаны даусыз. 

Толығырақ...

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Отбасын қолдау апталығы» республикалық акциясы көлемінде Көкпекті ауылының «Шуақты шұғыла» балабақшасында «Менің әжем керемет» атты сайыс өтті. Сайысқа осы балабақшада тәрбиеленушілердің әжелері Рыскүл Салықова, Гүлсара Тоянкенова, Нағима Құсманова, Жәния Елеусізова, Екатерина Нещавли қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Немерелерін тектілікке ғана баулитын қасиетті әжелеріміз алғашқы кезекте «Тегін білу тектілік» - деген турда өздерін таныстырып, шешен де көркем сөйлеудің үлгісін көрсетті. «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаева төрағалық еткен әділ қазылар бұл кезеңде бірауыздан Рыскүл Салықова жеңді деп шешті. Одан кейін мақал-мәтел айтыста – Гүлсара Тоянкенова, ән салуда Нағима Құсманова, сұраққа жауап беруде – Жәния Елеусізова, тамақ даярлауда ұлттық тағам лағман жасап әкелген – Екатерина Нещавли алда болды.

Толығырақ...

«Ұлы Дала елі» партиялық жобасы аясында, ардагерлер ұйымдары және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы арасындағы меморандумға сәйкес Көкпекті ауданының алыс ауылдары тұрғындарымен облыс орталығының жазушылары және өлкетанушыларының кездесуі өтті. Преображенка ауылы шалғайдағы елді мекен болса да мұнда – үш мұражай, екі кітапхана, Даңк мемориалы және «Естелік орталығы», мектеп, балабақша, аурухана бар. Осында орналасқан «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдық округті алға тартып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Бұл күні Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтің орталық алаңына келген жазушылар мен ақындар саны өте көп болды. Мұндай көп жазушылардың келуі бұрын-соңды болмаса да республикаға әйгілі төрт алыптың сапары елді қуантты. Олар елге танымал жазушылар Борис Щербаков, Геннадий Пуссепп, Наталья Матвеева, Ирина Каланчина еді. Кездесу керемет мерекеге айналды. Жазушыларды газеттен оқып, теледидардан көруден бұрын олармен етене араласу бір басқа екен. Шараны ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, «Естелік орталығы» және аудандық «Звено Алтая» әдеби бірлестігі мүшелері осындай кездесулердің тұрақты түрде өтетінін тілге тиек етті. Конституция күні мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шара туралы айта келе, «Естелік орталығы» жетекшісі Таисия Шнайдер өз ойымен былай деп бөлісті:

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз