Ел Тәуелсіздігінің айшықты мерейтойы аясындағы 25 жұлдызды күн акциясының кезекті шарасының бірі - Көкпекті ауданының көркемөнерпаздар байқауы орталық мәдениет үйінде өткізілді. Аталмыш байқауды ұйымдастырудағы мақсат жиналған қауымға ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігін паш ету, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, аудан тұрғындарының арасынан өнерлі адамдарды шығарып, жаңа шығармашылық ұжымдар құру, жалпы өнерге деген сүйіспеншілікті дамыту болды.
«Біз спортты қолдаймыз!» ұранымен 1 желтоқсан Президент күніне орай Теректі ауылының Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінде мұғалімдер арасында аудандық баскетбол жарысы өтті. Теректі ауылдық округінің аппараты мен мектеп әкімшілігінің, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бұл бастамасын қолдап, өздерінің спорттық шеберліктерін сынауға М.Әуезов атындағы және А.Пушкин атындағы орта мектептерден құрама командалар келіп қатысты.
Толығырақ...Әнді көмейімен емес жүрегімен салған бозбаланың бозторғайдай әуезді үні құлақтан кіріп бойды баурайды. Мәнді мәтіні мен мұңды әуені сай жұптасқан құдіретті сарын. «Асыл ана жаулығы желбіреген...» баяулай қалқып, көкірегіңді сағынышты аңсауға ұштастырып барып-барып беймәлім бір күйге бөктірген әншінің сыршыл, сезімді дөп басатын тәңірдің өзі сыйға тартқан балаң табиғи дауысы.
Толығырақ...Тәртіп сақшысы – ол білікті маман, қоғамда тыныштықты сақтаумен қылмысты құрықтаумен айналысады, бірақ соның барлығын жүзеге асыру үшін полиция қызметкері спортшы, шыныққан шымыр болуы керек. Міне, өмірден өткеніне 6 жыл болған полиция қызметкері, үлгілі отағасы, аяулы жар, асыл әке, адал дос Нұрбек Бейсенбекұлы Айтмұханбетов сондай адам еді. Соғуын мезгілсіз тоқтатқан жүрек шын мәніндегі азаматты орталарынан алып кеткеніне отбасымен бірге әріптестері де қатты қынжылды. Өзі де осы полиция бөлімінде аға буын әріптестерінен үйрене жүріп, артынан өсіп келе жатқан жастарға тәлімгер бола білген Нұрбек Бейсенбекұлын есте сақтау үшін Самар полиция бөлімінің ұжымы және қосағы Раушан Кентайқызымен ақылдаса келе, Нұрбектің өзі жақсы көретін волейболдан оның атындағы турнир өткізуді қолға алды.
Толығырақ...«Жақсының аты өлмейді...» деген дана сөз бар. Жақсы адамның есімі, әрбір ісі, жарқын бейнесі жұрт жадында мәңгілік жаңғырып тұрады. Бұл Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында өткен Малдыбай қажыны еске алуға арналған ХVII республикалық бокс турнирі барысында анық аңғарылды. Турнирге Семей, Аягөз, Өскемен, Ұлан, Қатонқарағай, Абай, Үржар, Көкпекті аудандарынан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер қатысып, бақ сынасты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.