Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2024 жылдың 2 тамызы күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстандық топонимдік жүйесін диахрониялық тұрғыдан зерделеу мақсатында ауданымызға келген экспедиция мүшелері зиялы қауыммен кездесті.
Кездесу 125 жылдық тарихы бар өңіріміздегі байырғы кітапханалардың бірі - Көкпекті аудандық кітапханасында өткізілді. Бұл отырысқа Астана қаласынан келген ғылыми-зерттеу тобының мүшелері-филология ғылымдарының докторы, Евразия Ұлттық Университеті профессоры Әбдуәлиұлы Бекжан, география және су қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкері Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы және Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, тарихшы-өлкетанушы Қайрат Малғаждаров, айтыскер ақын Фархат Маратұлы, аудандық “Жұлдыз-Новая жизнь” газетінің директор-редакторы, аудандық маслихат депутаты Дархан Бердібекұлы, кітапханашылар және бөлім мамандары қатысты.


Бұл экспедицияның мақсаты Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» құрылып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ономастика басқармасымен бірлесе еліміздің жалқы есімдерін реттеу бойынша «Қазақстан ономастикалық атауларын тарихи-диахрониялық әдісті қолдану арқылы жүйелендіру» тақырыбы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Осы орайда Көкпекті ауданы аумағындағы Кеңес одағы заманындағы жер атауларын мәжбүрлеп өзгертуде болған сыңаржақтықта кеткен келеңсіздіктерді жою үшін бұрынғы тарихи атауларды қалпына келтіру бойынша түсіндіру, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Осы шараға барлық ауылдық округтегі көзі қарақты зиялыларды, шежіреші қарттарды тарта отырып, жер атауларын қалпына келтіруге күш жұмылдыру қажеттігін ескерте отырып, ауыл тұрғындарынан естерінде қалған байырғы жер атауларын Көкпекті аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ономастика бөліміне жолдауларын сұраймыз.
Басқосуда ауданымыз бойынша мемлекеттік каталогтағы ескерілетін географиялық атаулар жиынтығының тізіміне енген жер- су атаулары жайлы келелі пікірлер айтылып, түрлі нұсқалар талқыланды.

Қайрат Малғаждаров,
Шолпан Асылбекқызы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз