Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде төрткүл дүние назары ауған V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі доданының шымылдығы «Астана-Арена» стадионында түріліп, салтанатты шараны мыңдаған көрермен тамашалады. Шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен келген бірнеше елдің президенті мен беделді ұйымдардың басшылары қатысты.

«Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек», - деді мемлекет басшысы.
Байрақты бәсекенің алғашқы күні Көкпекті ауданы үшін қуанышқа толы болды. Еліміздің намысын қорғаған ұлттық құрама сапындағы көкпектілік саңлақ спортшылар қоржынға жүлде салды.


Қазақ күресінен 66 кг салмақ дәрежесінде ұлттық құрама сапында сынға түскен Дидар Тукушев жарыс жеңімпазы атанып алтын медаль тақты. Үлкенбөкен ауылының тумасы финалдық белдесуде Өзбекстан балуанының жауырынын жерге тигізді. Білікті бапкер Думан Қыздарбеков жаттықтыратын балуан өзінің шеберлігі мен қайсарлығын танытып, жарыс жолындағы қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңді. Болашақ чемпионның алғашқы жаттықтырушысы Дәурен Данабеков.
Ұлттық құндылығымыз әрі төл спортымыз – қазақ күресі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең көп қатысушы тіркелген спорт түрлерінің бірі. Оған шетелдік спортшылар да аса қызығушылықпен қарайды.
«Кураш» күресінен сайысқа түскен тағы бір жерлесіміз Ерзат Арғынов әлемдік доданың қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, күрес шебері Ерзат Арғынов Көкпекті ауданы Теректі ауылының тумасы.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014 жылы Қырғызстанның Шолпан-ата қаласында ұйымдастырылғанда 10 спорт түрі бойынша 19 елден 583 спортшы қатысты. 2016 жылы да осы шаһарда өтіп, 62 елден 1 200 спорт 21 спорт түрінен медальдар жиынтығын бөліске салды. 2018 жылы 82 мемлекеттен 2 000 спортшы 37 спорт түрінен сайысқа түсті. Екі жыл бұрын Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылған аламанға 102 елден делегация қатысып, 3 мыңнан аса спортшы додаға қосылды.
Дүбірлі дода елімізде бірінші рет өтіп отыр. Байрақты бәсекеде әлемнің 89 елінен 2700-ге жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрінен кім мықтыны анықтап, 97 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Ұлттық құрама сапында 216 спортшы ел намысын қорғайды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз