Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай, Көкпекті ауданы Тассай ауылындағы М.Әуезов атындағы білім ордасында «Әуезов әлемі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция болды. Бұл жиынға аудан мектептерінен оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілері келіп қатысты.


Данышпан Абай қазақ әдебиетінің сан ғасырлық өрлеу-өркендеу жолында өлшеусіз үлес қосқаны баршамызға аян. Абайдың рухани мұралары, Абай әлемі, абайтану тарихы хақындағы өнімді зерттеулер, Абай болмысы, ақын есімі өзекті тақырып бола бермек. Соның ең бастапқы санатында «Қазақстан үшін екінші Абай» атанған Мұхтар Әуезовтің тұғырлы тұлғасы бірінші тұрады.
Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты - әдебиет майталманы, қазақ халқының біртуар перзенті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, жазушының қазақ әдебиетінің қалыптасуына қосқан үлесін болашақ ұрпаққа насихаттау болды. Жиынның салтанатты ашылуында құттықтау сөзді Жастар орталығының директоры А.Халықов және осы іс шараға мұрындық болып отырған білім ордасының директоры Д.Тұрлыбеков, қатысушыларға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді. Мектеп оқушылары М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс сахналап, өздерінің әртістік қабілеттерін көрсетсе, білім ордасының жезтаңдай әншісі Ж.Сахипжанов «Самға» әнімен көрермендерді тәнті етті. 11 сынып оқушысы О.Әміровтың нақышына келтіріп оқыған «Шырайлы Шығысым» атты өлеңі, биші қыздардың орындауындағы «Өрнек» биі жұртшылықтың көңілінен шықты.
Конференцияға қатысушылар «М.Әуезовтың әдебиет саласына қосқан үлесі», «М.Әуезов әңгімелерінің шығу тарихы», «Абайтанушы - Әуезов» тақырыбында баяндама, ғылыми жобаларын слайд арқылы оқып, талдады. Ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша І-орынға Б.Төкенова (М.Әуезов ОМ) Д.Ержан, Е.Әзірханова (Көкжайық ОМ), ІІ-орын М.Кәрімханов, А.Мұратбекова (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені), А.Садуақасова (Көкжайық ОМ), ІІІ-орын Е.Мұратова және Б.Ермекова (М.Әуезов ОМ), К.Мұстафинова (Үлкенбөкен ОМ), К.Бидахметова (Пушкин ОМ), Д.Оспанова (Қ.Аухадиев атындағы ОМ) Г.Құмарбекова (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені) алды. Қалған қатысушылар белсенділігі үшін марапаттарға ие болды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау» деген еді. Міне, ел еркіндігін аңсап өткен абзал азаматын туған елі бүгінде ардақ тұтып отыр.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз