Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыстың ең алғашқы мерекесі де келіп жетті. Ол 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. 2012 жылдан бері бұл күн Тұңғыш Президент күні ретінде аталып келеді. Бұған Н.Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, бірлігін қамтамасыз етуші ел Конституциясын адам мен адамзаттың құқы мен бостандығын қорғаушы ретіндегі рөлі негіз.

Осы мерекеге орай Көкпекті орта мектебінің 1 «А» сыныбында «Елбасы - ел тірегі» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпаққа мереке жайлы терең мағлұмат беру, оқушылар бойында Елбасыға деген құрметті ояту, патриоттық сезімге баулу, Отанға деген сүйіспеншлікті арттыру. Мектеп табалдырығын жаңадан ғана аттаған бүлдіршіндер еліміздің Әнұранын патриоттық сезіммен орындады. Одан әрі қарай Отан, Қазақстан, Елбасы туралы сұрақтар қойылып мерекенің маңыздылығы түсіндірілді.
Елбасы өмірбаяны жайлы бейнефильм көрсетіліп, өлеңдер мен тақпақтар оқумен жалғасты. Ең соңында балғындар Елбасыға сәби жүректен шыққан кіршіксіз таза тілектерін арнады. Оқушылар Елбасыға денсаулық тілеп ары қарай елімізді көркейте берсе екен деген ойларын жеткізді. Олардың періште көңілден шыққан шынайы тілектері қабыл болғай! Ел үшін туған Елбасымызға тек амандық тілейміз!


Г.Сүлейменова, бастауыш сынып
мұғалімі, Көкпекті орта мектебі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз