Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі ме-рекесі қарсаңында Астана қаласында 17 желтоқсан күні «Аяулы Астана» Халықаралық өнер байқауы болып өтті. Республикалық байқауға Көкпекті орта мектебінің төрт бірдей үміткер өнерпаз оқушылары қатысып, өз өнерлерін Астана қазылары алдында сарапқа салды.


Аталмыш өнер додасына 13 мемлекеттен, 150 шақты өнерлі жасөспірімдер әртүрлі жанрлар бойынша бақ сынасты. Біздің ауданымыздан Көкпекті орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Әли Жангасинов өз шәкірттерін баптап алып барды. Шәкірттері ұстаздарының үкілеген үмітін ақтап қайтты. Домбыраның құлағында ойнаған Ясмин Гусейнова Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін шертіп, домбыра класы бойынша ІІ-орынды, ал вокал бойынша жас әншілеріміз Бекзат Талғатбекұлы «Нұр аға» әнін, Арман Оразкен халық әні «Ай, қаракөзді» шырқаса, Дина Ақылбаева «Жылқышы» әнін орындап ІІ-орынды қанжығалап қайтты. Бойларына өнер дарыған жас жеткіншектеріміздің байқауға қатысуларына демеушілік көрсеткені үшін олардың ата-аналарына және өзі басқарып отырған мектебінің шашбауын көтеріп жүрген мектеп директоры Аслан Балабекұлына жас ұстаз Әлидің алғысы шексіз.
Сан ғасырлық тарихы бар, ұрпақтан–ұрпаққа мирас болып, үрдісін бұзбай жеткен сап алтындай аса құнды сарқылмас асыл мұрамыз, ұлтымыздың ұлы өнері ән мен күйлерімізді жан-тәнімен сүйіп, дәріптеп жүрген болашақ жастарымыздың өсіп келе жатқанына қуаныштымыз. Ұлттық өнерімізді серік еткен жастарымыз көбейіп, төл өнеріміз бен мәдениетіміз өркендей берсін! Жеңімпаздарға шабыт пен шаттық тілейік.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз