Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуы ең өзекті мәселеге айналды. Бала – біздің басты байлығымыз десек, ең асылы – оның тәрбиесі болуы керек. Бұл тұрғысында олардың тәлімді тәрбие алып, біліммен сусындай білуі балалар бақшасына тікелей қатысты. Ал, аудан бүлдіршіндері мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамтылды ма, неше бала кезекте тұр, балабақшаға бару үшін қандай құжаттар тапсыру қажет,- деген бірқатар сұрақтарға жауапты аудандық білім бөлімінен білдік.
Бүгінде Көкпекті ауданында барлығы 8 балабақша жұмыс жасайды. Оның ішінде 4 мемлекеттік балабақша КМҚК «Шуақты Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, МКҚК «Балерке» бөбекжай-балабақшасы, КМҚК «Көкпекті Толағайы» бөбекжай-балабақшасы, «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ болса, ал қалғаны жекеменшік: «Өрнек» , «Бөбек лүпілі» , «Құралай» және «Ерке-Нұр» жекеменшік балабақшалары.


Әр балабақша өз жобалық қуатына байланысты балаларды қабылдайды. Қазіргі уақытта КМҚК «Шуақты Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында – 120 бала; МКҚК «Балерке» бөбекжай-балабақшасында – 90 бала; КМҚК «Көкпекті Толағайы» бөбекжай-балабақшасында – 95 бала; «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-де - 30 бала; «Өрнек» жеке меншік балабақшасында – 60 бала; «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасында - 60 бала; «Құралай» жеке меншік балабақшасында – 70 бала; «Ерке-Нұр» жеке меншік балабақшасында – 42 бала қамтылған. Сонымен қатар мектептер құрамында жұмыс жасап жатқан 5 толық күнді және 3 жарты күнді шағын орталықтар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда шағын орталықтардың жұмысы дұрыс жолға қойылған.
2025 жылға Көкпекті ауылында 240 балаға арналған жекеменшік балабақша құрылысы «Мемлекеттік жекеменшік серіктестік» жобасы аясында жеке кәсіпкер Г.Нургалиевамен алғашқы келісім жұмыстары жүргізілді.
Мектепке дейінгі ұйымның автоматты жұмысы «abai.ddo.kz» порталы арқылы жүзеге асады. Яғни, ата-аналар тікелей осы портал арқылы балаларын тіркей алады. Балабақшаға орналасу үшін «Бала денсаулығы» паспорты және бала денсаулығы бойынша анықтамасы қажет. Соңында бала өз жас ерекшелігіне сай топқа қабылданады. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге мемлекеттік тапсырыс алу үшін конкурстық байқаулар ҚР-ның білім және ғылым министрінің 27.12.2022 жылғы № 381 бұйрығына сәйкес іске асырылады. Балабақшаның бір айлық төлемі – 14.500 (он төрт мың бес жүз) теңгені құрайды.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы негізінде жүзеге асады. Балалардың мектепке дейінгі ұйымы мен ата-ана арасындағы шарт, меңгеруші бұйрығы арқылы орындалады.
Бүгінгі таңда балабақша кезегіне барлығы 170 бала тіркелген, оның ішінде: 0-1 жас - 6 бала, 1-2 жас – 27 бала, 2-3 жас – 33 бала, 3-4 жас- 18 бала, 4-5 жас – 21 бала, 5-6 жас – 36 бала, 6-7 жас – 29 бала.
Қазіргі уақытта балабақшамен қамтылған бала саны – 774. Оның ішінде 2-6 жас- 639 бала – 82,5 %, 3-6 жас – 512 бала – 66,1% құрап отыр.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз