Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Абай облысы өңірлік Коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясында Көкпекті ауданының 2024 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы кең көлемді ақпарат берді.
Аймақтың баспасөз өкілдері қатысқан брифингте аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, аудан әкімдігінің алдағы 2025 жылғы жоспарын айтып өтті. Сонымен қатар Әділет Нұрсағатұлы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға да жауап берді.
Әділет Нұрсағатұлының брифингте ауданның 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен берген ақпараты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес ауданға тұрғын үй құрылысына 842,0 млн. теңге бөлінді. Осыған сәйкес, жалпы ауданы 85 м2 болатын 25 екі пәтерлі тұрғын үй салынып, ауданның алты ауылында 50 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді. Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен ағымдағы жылы ауданға - 442,8 млн. теңге бөлінді. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру саласындағы 13 нысанды, көлік инфрақұрылымының 2 объектісін (ауылішілік жолдар)салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен Толағай ауылына кіре беріс жолын (0-13 км учаскесі) орташа жөндеу жұмыстары бойынша жоба іске асырылуда. Жобаның құны-616,5 млн. теңге (жасалған шарттың сомасы – 597,2 млн.теңге). Бұдан басқа, «Тассай ауылына кіреберіс» автомобиль жолында Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, 2025 жылы осы көпірдің құрылысы бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда. 2024 жылы жалпы сомасы 216,8 млн. теңгеге «Көкпекті аудандық ауруханасы»-нда ШЖҚ КМК күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 2 жоба іске асырылды. Осы және басқа мәселелер жөнінде облыстық Семей таңы газетіне кең көлемді мақала шықты.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.