Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсан күні Көкпекті ауданының әкімі Әділет Нұрсағатұлы аудандық «Аманат» партиясы ғимаратында алдынала жазылған аудан тұрғындарын қабылдады. Қай ауданда болмасын жергілікті билікке айтар арыз-арманын, түйткілді мәселесін жеткізе алмай жүрген жандар болады. 

Аудан әкімінің қабылдауына ауданнан  ғана емес, республиканың өзге өңірінен де тұрғындар жазыла алады.Көкпекті ауданы бойынша аудан әкімінің қабылдауына жазылған азаматтардың тізімінен ең бірінші болып Көкпекті ауылының тұрғыны Темергалиева Райхан Мухамадиярқызы тұрғын үй мәселесі бойынша кірді.  Ол кісі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегіне 2020 ж. 03 қараша айында тұрған, қазіргі уақытта кезекте  № 46 болып тұр. Аудан басшысы Райхан Мухамадиярқызының мәселесін барынша заң аясында шешетінін, бұл мәселені өзі қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар аудан әкімінің қабылдауына немересін жұмысқа орналастыру мәселесімен Преображенка ауылының тұрғыны Алин Оралғазы Аксейітұлы және тұрғын үй мәселесі бойынша Көкпекті ауылының тұрғыны Шакенова Анар Марсекқызы кірді. Олардың сұрақтарына Әділет Нұрсағатұлы барынша нақты әрі толық жауап берді. Қабылдауға келген Көкжайық ауылының тұрғыны Ақылбаев Ержан Құмарбекұлымен ғимарат мәселесі бойынша аудан әкімі арнайы жеке сөйлесетінін жеткізді. Ал Астана қаласынан тікелей эфир арқылы қабылданған Есбосынов Азамат Құрманбекұлына Әділет Нұрсағатұлы қолдан келген көмекті жасайтынын айтты. 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз