Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері жиі өткізіліп, өнімдер базар нарқынан төмен бағада сатылу дәстүрге айналуда. Халықты арзан өнімдермен қамтуды көздеген шара 20 ақпанда Өскемен қаласында өтті, жәрмеңкеге Көкпекті ауданы қатысты.

Жәрмеңке жұмысын жіті қадағалаған ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арзандатылған бағамен саудаланған өнімдерімен жеке танысып, ел әлеуетін арттыруға арналған игі шараның басы-қасында болды.

Толығырақ...

Көкпекті ауданының әкімдік ғимаратының «Ашық әкімдік алаңында» 29 қаңтар күні тікелей эфир арқылы есеп беру кездесулерін Көкпекті, Теректі және Тассай ауылдық округтерінің әкімдері қорытындылады. Есеп беру кездесулері Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Сондай-ақ тікелей эфирді тұрғындар Facebook, Instagram парақшаларынан тамашалай алды. Ауылдық округ әкімдері өз баяндамаларында өткен жылда жасалған жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Ауыл әкімдері округтің ауыл шаруашылығы, білім беру, медицина қаржы-шаруашылық және әлеуметтік жағдайы туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Елді мекен дамуының стратегиялық міндеттері мен бағыттарын айқындады.

АУЫЛ ӘКІМІ ӨЗЕНДІ ЛАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА НАРАЗЫ
Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Жүніспековтың есеп беру баяндамасында онлайн режиміндегі тыңдаушылар өздерін толғандырған мәселелерін желі арқылы пікір қалдырып, сұрақтарына жауап алды.
Сұрақтардың дені су тарту, көп қабатты үйлерге орталықтандырылған жылыту жүйесін орнату, экология, көшені жарықтандыру, жол, Толағай ауылындағы интернет желісінің нашарлығы, Қабанбай батыр көшесі бойындағы тас жолдың жөнделу сапасы сияқты мәселелер төңірегінде өрбіді.

Толығырақ...

20 қаңтар күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті брифинг өтті. Бұл жолы Аққала ауылдық округ әкімі Берікбол Чакербекұлы Мукушев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Округ әкімі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы баяндама жасап, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аққала ауылдық округі аудан орталығының шығысында 50 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Округте үлкенді-кішілі 4 ауыл бар. Олар: Аққала, Жаңажол, Қараөткел, Қойтас ауылдары. Округ орталығы - Аққала ауылы. Осы елді мекендерде 302 аула бар. Бүгінгі күні 1127 адам тұрады, экономикалық белсенді халық саны - 583. Негізінен округ тұрғындары мал шаруашылығымен шұғылданады. Жалпы округ бойынша биылғы жылға 45 шаруа қожалығы, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық - ағартушылық штабы мүшелерінің халықпен кездесулері өз жалғасын табуда. Атап айтқанда, ақпараттық - ағартушылық штабының жетекшісі Есімбекова Арайлым Керімбекқызы 20 қаңтар күні арнайы іс-сапармен Көкпекті ауданына келді. Арайлым Керімбекқызы өртке қарсы қызмет бөлімшесінің ұжымымен және аудан активімен кездесулер өткізді.
Штаб жетекшісі алдымен өртке қарсы қызмет бөлімшесінің ұжымымен жиын өткізді. Жеке құрам қатысқан кездесу барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы саясаты, ашықтыққа, жариялыққа негізделген жаңа формациядағы мемлекеттік органдар жүйесін құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананы өзгерту бойынша ақпараттық-түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Толығырақ...

5 желтоқсан күні Өскемен қаласында өткен қалалық жәрмеңкеге Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатысты. Қолжетімді бағада ұсынылған жәрмеңкеде қала тұрғындары ет және балық өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жәрмеңкеге барлығы 2 тонна балық және 9 тоннаға жуық ет сатылымға қойылған. Оның ішінде сиыр, қой, жылқы және шошқа еті бар. Өнімнің бағасы нарықтық бағадан едәуір төмен болды. Мәселен, сиыр еті – 2 100 теңге, жылқы еті – 2 300 теңге, қой еті - 1 900 теңге.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз