Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Құрметті ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені, қайта өңдеу саласының қызметкерлері және ардагерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруа-шылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мерекенің біздің аграрлық ауданымыз үшін маңызы айрықша. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін сала еңбеккерлері ел экономикасының маңызды стратегиялық бағыттағы саласын дамытуға сүбелі үлес қосуда.
Ауданда, егін, мал шаруашылығында, ауылдық аумақтарды дамытуда оң серпін байқалады. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі жақсарып, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда, саланы модернизациялау қолға алынып отыр. Қайта өңдеу саласында тың идеялар жүзеге асырылып, отандық өнім өндіруге зор үлес қосудасыздар. Аграрлық кешеннің болашағы бәсекелестікке қабілеттіліктің артуымен тығыз байланысты. Осының бәрі болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» Стратегиялық жобасынан туын-дайтын міндеттерді біздің ауданның ауыл шаруа-шылығы саласының еңбеккерлері ойдағыдай орындайтындығына сенім мол. Ауданның агроөнер-кәсіп кешені қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін толымды тартулармен қарсы алып отыр. Біздің аграршылардың қажырлы еңбегінің арқасында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықтың әр гектарынан орта есеппен 13 центнерден өнім алуға қол жеткізілді.
Сіздермен ауылдағы әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді кешенді түрде шешу жолында бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Мемлекеттің қолдауымен және бизнестің қатысуымен аграрлық сектордың қуаты арта түсетіндігі, сөйтіп, ауыл өмірі жақсаратындығы даусыз.
Құрметті ауыл еңбеккерлері, сіздерге зор ден-саулық, отбасы амандығын, қажырлы істеріңізге тың табыстар тілейміз!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Р.Беспаев, мәслихат хатшысы
Сіздерді ұлттық валюта теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында Республиканың Ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізуге қол қойған болатын. Сол жылдың 15 қарашасынан бастап қазақ елінің төл теңгесі отандық экономикамыздың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. Бүгінде мемлекеттік қаржы саясаты отандық экономиканы дамытудың теңдессіз құралына айналды. Ол бізге түйткілді деген әлеуметтік және саяси мәселелерді оңтайлы шешіп, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін арттыра түсуге мүмкіндік беруде. Сондықтан да, қаржы жүйесі қызметкерлерінің басты міндеті - еліміз қол жеткізген табыстарды молайту, күрделі деген мәселелерді шешіп, экономикалық өсімді және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде осы ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану болып табылады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық валютаны енгізу туралы Жарлыққа қол қойған кезінен бастап, ұлттық теңге еліміздің экономикасына қажырлы еңбек етіп, көрші елдердің валюталарымен салыстырғанда көп жылдар бойы өзінің қаржылық тұрақтылығын дәлелдеп келеді. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық теңгенің қалыптасу кезеңі әлемдік тәжірибеде кенжеленсе де салмағы халықаралық дәрежеде мойындалған. Осы күнге дейін валютамыз қаншама рет өзгерді, қаншама қиындықтарды бастан кешірді, бірақ оның бүкіл әлем деңгейіндегі ең құнды валюталар қатарына қосылатынына қазақстандықтар сенеді. Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында қаржы қызметінің беделі арта түсетіндігіне сенімдіміз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз. Ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында қолға алған істеріңіз бен жоспарларыңыз ойдағыдай орындала берсін дейміз.
Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де ауданымыздың экономикасын, қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы
Елбасының «100 нақты қадам» бағдар-ламасы ел-жұртты тың белес, асқаралы асуларға жігерлендіріп отыр. Қазір ол өмі-рімізге нық қадам басты. Мемлекетімізді гүлдендіруде, елімізді жасампаз елге айналдыруда бұл бағдарламаның орны бөлек екенін айтып, халқымыз зор баға беріп отыр. Осы бағдарламада ауылға да үлкен мән берілгенін байқаймыз. 98-қадамда айтылған, көтерілген, нақты қойылған мәселе тікелей ауылға арналған. Сол қаймағы бұзылмаған қалың елдің ортасында жүрген Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Назарханов Нұрлан Үмітқазыұлы Елбасы тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде ой бөліскен еді.
- Елбасымыз жаһандық дағдарыс жағдайында тарихтың талай сынын бастан кешірген Қазақстан халқының алдында тұрған басты бағыттарды көрегендікпен белгілеп берді. Еліміздің тағы бір кезеңнен сүрінбей, қиналмай өтуі үшін ортақ мақсат жолында бәріміз бірдей жұмыла білуіміз керек, - дейді Нұрлан Үмітқазыұлы. Елбасы тапсырмаларының сәтімен орындалып жатқанына Үлкенбөкен ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы толық дәлел бола алады.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.