Жылдағы дәстүр бойынша Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Конституция күні салтанатты түрде кең ауқымда аталып өтті. Биылғы жылдың ерекшелігі аталмыш мереке Көкпекті ауылында жаңадан ашылған «Ұлы дала елі» алаңының ашылу салтанатымен тұспа-тұс келді.
Қ.Алтынбаев мәдениет үйінің ауласындағы «Ұлы дала елі» алаңында абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарды айғақтайтын Ата Заң күніне арналған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, барлық мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан ардагерлері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Толығырақ...Өткен демалыс күндері шалғайдағы шағын ауыл Егінбұлақта шалқар той өтті. Егінбұлақтағы «Ауыл күні» мерекесінің даңқы бүкіл өңірді шарлағаны мерекеге әзірлік барысынан анық байқалатын. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ауылдың топырағында өскен, қазір еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген түлектердің туған жердің төсінде өтетін басқосуға өз үлестерін қосқанына жұртшылық «бәрекелді» десті.
Дәстүрлі «Ауыл күні» мерекесі биыл түбегейлі жөндеуден өткен екі бірдей әлеуметтік нысанның ашылуымен тұспа-тұс келгендіктен бағасы арта түсті. Ауыл орталығына қазақы киіз үй тігіліп, қайта жөндеуден өтіп, құлпыра бой түзеген клуб үйі жарқырап тұр. Жергілікті халықтың қуанышын ортақтаса келген аудан тұрғындарынан бөлек көршілес Жарма, Тарбағатай аудандарынан келген қонақтардың қарасы қалың.
Толығырақ...30 шілде күні Көкпекті ауданы «Әлем жүгірісі» халықаралық алау эстафетасын қарсы алды. Өңірге Ресей, Қазақстан, Латвия, Белоруссиядан келген әуесқой спортшылар келді.
Толығырақ...Бірінші шілдедегі Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күнін барлық қазақстандықтар аса үлкен салтанатпен атап өтеді. Осынау халықтық мерейлі мерекеден қасиетті Көкпекті жерінің ел-жұрты да қалыс қалған жоқ.
Бұл күні ұлттық дәстүріміздің, күй мен терме өнерінің айнасына айналған қазақтың қара домбырасы төрге шығарылып, құрметке бөленеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндесіп жатқан мерекелік шара
Көкпекті ауылындағы Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің жанында Балалар өнер мектебі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен өтті. Осы жерде 300 ден астам мектеп оқушылары және мәдениет үйінің әртістері күмбірлетіп күй тартты Олардың орындауындағы «Жастар биі», «Балбырауын», «Сарыарқа» күйлері Көкпекті ауылының жұртшылығына күй құдіретін, саз сиқырын жан жүрегімен түсіндірді.
2-3 мамыр күндері Дзюдо күресінен облыстық «Толағай» атты жарыс болып өтті. Мұнда облыстың әр өңірінен 175-ке жуық спортшы татами бәсекесінде жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтсақ, Ақтөбе, Семей қалалары және Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Жарма мен Көкпекті ауданының спортшылары дзюдодан облыстың үздігі атану үшін жарыс жолына шықты.
Бәсеке барысында 2007, 2008, 2009, 2010 жылы туылған жасөспірім, кіші жасөспірім балалардың арасында салмақ дәрежесінде сынға түсті. 2007-2008 жылы туылған 26-29, 32-35, 38-42 келі салмақ дәрежелерінде белдесті. 2009-2010 жылғы балуандар 23-26,29, 32-35 және 35 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күресті. Бұрымдылар бесекесі қыз балалар 32-36 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Жалпы облыстық жарыс қорытындысы бойынша Көкпекті ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 7 алтын медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, І орынды Е.Сейтаханов, Б.Атапкел, Н.Сейтаханов, Д.Тұрлыбаев, Ә.Дәукенов, Д.Ордаханова, Е. Сәлімова жеңіп алса, ІІ орынды 5 спортшы Р.Құралбеков, Н.Айдарұлы, Д.Смағұлов, М.Болатбекова, Н.Серіков иеленді. Ал, 7 спортшы Т.Мұрат, С.Аханов, Ж.Бақыткамелов, Ш.Төлеуханов, Ұ.Эрталеп және Ж.Миғраж ІІІ орынды місе тұтты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.