Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті тай жарысын өткізді.
Бәйге десе делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін үкілеп қосты. Бұл жолы он шақты жүйрік тай бәйгеге қосылды. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуы мен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті.
Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір қаржылай сыйлық табыс етті.
«Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы кішкентай бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтады. Осығай орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 55-ке жуық бала қатысты.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жыл сайынғы дәстүрінен жаңылмай жаңа жыл қарсаңында Көкпекті ауылының кішкентай тұрғындарына сый жасады. «Бақытты балалық шақ» партия жобасы аясында өткізілген шырша мерекесінде нұротандықтар бүлдіршіндерді құттықтап, сый-сияпаттарын тарту етті.
20 жыл бұрын Көкпекті ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеп, стадионның сызбасымен аудан әкімі Б.К.Қожамбетовке бардым. Ол кезде Баянды Кәкенұлы осы жобаны іске асыру үшін қазірге мүмкіндік жоқ, бірақ уақыт келеді және Көкпекті ауылында стадион болады деп айтты.
Иә, шынында да, көз алдымызда дүкендердің сынған терезелері, көшелерде, "Семсельс-трой 22" трестінің ПМК-2203 қала құраушы кәсіпорындары, Көкпекті автобаза, АҚП тоқтаған. Оған қоса зейнетақы мен балалар жәрдемақысы жоқ, көше жарығын айтпағанда үйде жарық болған жоқ. Стадион салуды ойлау қайда? Сол кезде тұрғындармен бірге біз ауылда тәртіп орнатып, сауда орындарын ашып, көшелерді тазарта бастадық. Аудан әкімі болғанына қарамастан, бізбен бірге сенбілікте Баянды Кәкенұлы жұмыс істеді. Бәріміздің уақыты келгенде әлем жақсы жаққа өзгереді деген сеніміміз болды. Бұл уақыт келді, бірте-бірте ауылдың келбеті өзгере бастады. Кәсіпкер Б.М.Бекбердиновтің бастамасымен "Елім-ай Көкпекті" мейрамханасы салынды, шаруа қожалығының басшысы Ж.К.Күшікпаев өз қаражатына мектеп ғимаратын жөндеп, енді барлық негізгі құжаттарды аудан тұрғындары бір ғимаратта рәсімдейді. В.В. Виничук "Гортоп" пен "Көлік жуу орталығын" салды, жаңа мектеп салынды, аурухана пайдалануға берілді.
Толығырақ...Биғаш ауылында Бармақ батырды еске алуға арналған тұңғыш волейбол турнирі өткізілді. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ерен ерлік көрсетіп, ұлан-ғайыр қазақ даласын жаудан азат ету жолында өмірін құрбан еткен Батыр бабаны еске алу турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болды. Бұл туралы жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Смаилов айтты. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Биғаш ауылы бірігіп ұйымдастырған шара жоғарғы деңгейде атқарылды.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 28 қараша күні, Көкпекті ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен еркін күрестен 2005-2006, 2007-2009 жылғы ұлдар арасындағы Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық дәстүрлі ашық турнирі өткізілді.
Аталмыш жарысқа Глубокое, Жарма, Зайсан, Тарбағатай аудандары және Көкпекті, Самар, Үлгілімалшы, Көкжайық, Бастаушы командаларынан барлығы 123 оқушы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарыстың ашылу салтанатында спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Ал жарыстың бас төрешісі, БЖСМ жаттық-тырушысы Жандос Серіков жиынды жалғастырып, жарыстың бағдарламасын, жарыс тәртібін түсіндірді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.