30 шілде күні Көкпекті ауданы «Әлем жүгірісі» халықаралық алау эстафетасын қарсы алды. Өңірге Ресей, Қазақстан, Латвия, Белоруссиядан келген әуесқой спортшылар келді.
«Бейбітшілік жүгірісі» – бұл достықтың, өзара түсіністік пен бірліктің халықаралық алау эстафетасы, оның мақсаты жердегі бейбітшілік мәдениетін дамыту және қолдау болып табылады. 1987 жылы эстафета құрылған сәттен бастап оған миллиондаған адам қатысты. 30 жыл ішінде алау ұстап жүгірушілер әлемнің 155 елінде болып, 600.000 км-ден астам қашықтықты еңсерген.
Эстафетаның басты міндеттерінің бірі – барлық тілек білдірушілерге бейбітшілік шырағына жақындауға мүмкіндік беру және біздің ғаламшарымыздың барлық адамдарына үйлесім мен бірлік тілегін білдіру. «Әлем жүгірісінің» негізгі қатысушылары – өз қалауымен жүрген еріктілер, кәсіби спортшылар мен әуесқойлардан құралған командалар, олар әлем алауын қолдан қолға береді. Жобаға қатысу - бұл жүгірушілердің белсенді өмірлік ұстанымының үлгісі және ересектер мен балаларды салауатты өмір салтына бау-лу.
Осындай бірегей жоба идеясының авторы Шри Чинмой (1931-2007) – белгілі қоғам және гуманитарлық қайраткер, спортшы және келісімге келтіруші, ол көп жылдар бойы БҰҰ штаб-пәтерінде бейбітшілік пен үйлесімділікке арналған кездесулер өткізген және сол себепті бүгінгі таңда эстафетаға оның есімі берілген - "Sri Chinmoy Oneness-Home Peace Run".
«Әлем жүгірісі» бірлескен бағыты Ресей мен Қазақстанды айналып өту үшін 22 шілде Омбы қаласында жүгіруді бастады, ал 20 тамыз күні сол жерден мәре сызығын кесіп өтуі керек. Эстафета Ресей Федерациясының бірнеше облыстарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан өтеді.
Бізде эстафеталық жүгірушілерді Көкпекті ауылына кіре берісте қарсы алды, бірге жүгірем деушілер оларды №1 БЖСМ ғимаратына дейін алып жүрді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанында Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен шағын мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов құттықтау сөз сөйледі.
- Біз «Әлем жүгірісі» алау эстафетасына қатысушыларды біздің жерімізде қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл жоба адамдардың бейбітшілікке деген талпынысын біріктіруге, патриотизмді, достықты және салауатты өмір салтын нығайтуды насихаттайды. Жергілікті тұрғындар мен аудан басшысының атынан сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, жаңа спорттық жетістіктер тілейміз. Бұл жүгіру жаңа шыңдарға жету жолында жағымды сынаққа айналсын.
Ал шара соңында эстафетаға қатысушылар өздерін таныстырып, Қазақстаннан алған әсерлерімен бөлісіп, қорытынды кезекте эстафетаның әнұранын бірнеше тілде орындап берді.
Гундега Гайле, Латвиядан келген жүгіруге қатысушы:
- Мен осыдан 8 жыл бұрын «Әлем жүгірісі» атты тамаша эстафета жайлы естіген болатынмын, содан бері бұл шараға қатысып келемін. Әр түрлі елдер мен континенттерде біз сияқты командалар бейбітшілік пен достық үшін жүгіреді. Бұл жоба бір адамның арманын жүзеге асыру болып табылған, оны кейіннен миллиондаған адам қолдады. Қазақстанға мен алғаш рет келіп отырмын. Бұрын сіздердің елдеріңіз туралы ештеңе білмеген едім. Бірінші кезекте маған қонақтарға қуанышты және жылы қарым-қатынаспен қарайтындарыңыз өте ұнады. Мен мұнда міндетті түрде қайта келемін деп шештім!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.