Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының 26 жұлдызында берекелі Биғаш ауылының тұрғындары Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған аудандық көркемөнерпаздар байқауына арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік кеш хәкім Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін СымбатӘлімбаеваның жатқа айтып беруімен бас-талды. Келесі кезекте, «Үш бәйтерек – үш алып» қазақ зиялыларына арналған өлеңдерді мәнерлеп айту өнеріне куә болдық. Халықты ерекше бір рахатқа бөлеген әдеби музыкалық композиция ауыл көркемөнерпаздарының Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындауы болды.

Толығырақ...

Ақпан айының 20 жұлдызында аудандық хоккейдің бастауына айналған Үлгілімалшы ауы-лында, аудандық білім беру бөлімінің нұсқауымен, аудандық спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаевтың, Талғат Қасайновпен ауыл әкімі Мерей Смағұлов сынды азаматтардың ықпалымен, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің директоры Ермек Сыдықұлының ұйымдастыруымен облыстық «Шайбалы хоккей» дүбірлі додасының іріктеу кезеңі өткен болатын. Сайысқа Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандары қатысып кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.

Негізі Үлгілімалшы ауылында өткен «Шайбалы хоккей» бәсекесі 3 күнге жоспарланған болатын. Дегенмен ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол болмай Жарма, Аягөз аудандарының командалары жарысқа қатыса алмай қалды. Сондықтан мұз айдынындағы марқасқалардың теке-тіресін 1 күнде өткізуге тура келді. Зайсан ауданынан 1 команда, яғни, үлкен топ 12 бала, жаттықтырушы жүргізушісімен келсе, Тарбағатай ауданынан үлкен және кіші 2 топ, барлығы 20 адам келді. Көкпекті құрамасының намысын Үлгілімалшы, Көкпекті Үлкенбөкен, Теректі ауылдарының оқушылары қорғады. Жарысқа қатысушылар Үлгілімалшы ауылына 1 күн бұрын келіп, жатын орны, 3 уақыт тамақтары тегін беріліп, барлығы мектеп қаражатынан жұмсалды. Осы орайда, мектеп директоры Ермек Сыдықұлы бастаған мектеп ұжымының ерекше табандылығын, еңбекқорлығын айтып өтпей болмас. Мұзайдынының айнадай болуына кепілдік жасап, таң атысымен қалың қармен арпалысып жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасаған мектеп жұмысшыларының да жүйелі жұмысын атап өткен жөн. Қарасы қалың болған ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп ұстаздарының да күннің суығына қарамастан өз оқушыларына қолдау көрсетіп тұрғандары сайысқа қатысушы саңлақтарымызға қосымша күш бергені сөзсіз.

Толығырақ...

Көкпекті жері әдемі табиғатымен, жер қойнауына бай, қайталанбас тарихымен  танымал. Бірақ біздің өлкеміздің басты байлығы – жерлестеріміздің өз Отанының деген сүйіспеншілік сезімдері. Көкпекті ауданында еңбек етіп, даңқын асқақтататын адамдар туралы дәл осылай айтуға болады. Олар туған жердің дамуына өз үлесін қосып қана қоймай, біздің болашағымыз өскелең ұрпаққа қолдау көрсетуде. 

Жақында аудандық мәслихаттың депутаты, «Теректі» ШҚ басшысы Қанат Бидахметұлы Садықов таэквондошыларға қымбат даянг сыйлады.
Даянг – ол барлық соққы спорт түрлеріне арналған арнайы жабынды. Жабындының қаттылығы және арнайы сурет жауынгердің маттардың бетіне қатты ілінуін қамтамасыз етеді, ал маттардың жеткілікті қалыңдығы оның құлауына немесе күрес элементтеріне шыдайды. Даянг жақсы тығыздығына ие болғандықтан, оны пайдалану балалар үшін де, ересектер үшін де қауіпсіз.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Көкпекті орта мектебінде ауданның дене шынықтыру спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Көкпекті, Аққала, Сарыбел, Палатцы, Үлкенбөкен, Бастаушы, Құлынжон, Қ.Аухадиев, Көкжайық ауылдық округ әкімшілігінен құралған және аудандық Қазынашылық бөлімінің командасы қатысып тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Толығырақ...

Көкпекті ауданы басшылығына Асхат Сайдахметұлы Смаилов келгелі аудан тұрғындары арасында елімізді серпілткен, санамызды сілкінткен нағыз «Рухани жаңғыру» жүріп жатыр. Ауданымыздың басты елді мекендерінің бірі Самар ауылында Абай ата ескерткіші орнатылып, көрікті алаң жасақталды.

Осы жылдарда тұңғиығынан қоңырау тарта күмбірлеген Бейнетеңіздің жағасындағы Тассай ауылы қайтадан түлеп серпілді. Ауылдың әрбір үйіне таза ауыз су тартылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Жазғытұрым қыстың сызы қалмаса да, тасқынның ізі Кілеңжырада қалып, су шайып кететін көпір де мықтай шегенделіп, жөнделді. Тастай боп бекінген бірлікті елге мереке келіп, береке кірді. «Тассай барысы», "Салбұрын" саятшылық мерекелері осы ауылдың төрінде өтті. Мәдениет деңгейі көтерілген Тассай ауылының көркемөнерпаздары ауданымызға, облысқа, республикаға таныла бастады. Катрен сал Байжұманов, Нығметжан Смағұлов, Тасқайнат Әлкеев, Қалырбек Қайсановтар тассайлықтардың өнер бастауын-да тұрса, бұлардың ізін Саяхат Тұрлыбеков, Берік Байгереев, Серік Қайсанов, Зульфат Қайсанов, Тілек Бүкүмбаев және басқалар жалғастыруда.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз