Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақ Ертіс пен жазира Жайсаңның кұм бұйратты ойпаңы мен мидай жазық даласында теңгедей жалтырап Қарағанды көлі жатыр. Атауы қарағанды болмаса, жағасы қопалы қалың қамыс. Осы көлдің түбінде Қарағандыкөл ауылы орналасқан. Екі тәжлі мектеп ғимараты алыстан мен мұндалап, бақуатты ауылдың берекесін арттырып тұратын. Сол мектептің оқушыларының басты үлгісі – дене шынықтыру пәні мұғалімі Жұмағазы Лекеров болатын.
Жұмағазы Баяхметұлы Лекеров еңбек жолын Қарғандыкөл ауылында дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалім болып бастаған. 1980 жылдардан бері Теректі ауылындағы Қ.Аухадиев атындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып 41 жыл көлемінде ұстаздық еткен. «Өн бойың тұнған ар еді» деп Абай атамыз айтқандай арлылық пен намысшылдықты шәкірттерінің бойына сіңіре алған ұстаз Жұмағазы Баяхметұлы еді. «Физрук» Лекеров ұлдардың дене тәрбиесі мен қатар мінез тәрбиесіне қатты көңіл бөлетін. Салмақтылық, жігерлілік бала бойындағы кездесіп қалар мақтаншық пен даңғойлықты өшіріп тұруын бақылайтын. Өз үлгісімен көрсететін.
«Мұғалім Лекеров үйрететін кез-келген спорт түрі біз үшін жанымызбен сүйіп ойнар ойынға айналып кететін. Басқа сабақққа бармасақ та Жұман ағаның сабағынан қалмайтынбыз. Менің 60 жастан асқандағы әлемдік жетістіктерім, осы ұстазымың арқасы, – дейді самбодан КСРО спорт шебері Серікбосын Тлебалдин.


Бала тәрбиесі жолында адал қызмет етіп, еңбегін сіңірген Жұмағазы Баяхметұлы 2017 жылы дүниеден озған болатын. Бұл спорттық іс-шараны ұйымдастырушы «Ұстаз ұстаз емес - өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес - өз ұстазын сүймесе» деген сөзді ұран ғып ұстаған шәкірті Теректі ауылының әкімі Қайрат Ахметқалиев. Сөз кезегінде Жұмағазы Баяхметұлының зайыбы мен ағасы осы іс-шараның өтуіне ұйтқы болған ауыл әкіміне және Қарағандыкөл ауылының тумаларына ризашылығын білдірді.
Турнир қонағы, Мақсат Қалымтайұлы Айтышев – Павлодар қаласы ұлттық сараптама және сертификаттылық орталығының басшысы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты:
- Біз ұстазымыз Жұмағазы Лекеровтың үлгісін көріп, тәрбиесін алғанымызға қуанамыз. Өмірдегі ұстанымыздың, спортты сүйіп саламатты өмір сүруімнің бірден бір кепілі осы кісіден көрген тәрбием, алған білімім. Жұмағазы Баяхметұлының пәні «Дене шынықтыру» денемізді ғана емес, жанымызды да шынықтыратын өмір мектебі болды. Бүгінгі турниге келіп, әкем Қалымтай Айтышев өз қолымен салған Теректі ауылындағы Қойгелді батыр мектебін аралап көріп мақтанып, тамсанып та жүрміз.
Турнирге жиналған командалар арасында өте тартымды ойындар өтті. Ойынға қатысып жүлделі орынға ие болған барлық командалар ойын соңында ақшалай сыйлықпен және осы турнирге арнайы тапсырыспен жасалған медальдармен, мадақтамалармен марапатталды. Аталмыш турнирге Семей қаласынан, Абай ауданынан және Көкпекті, Теректі, Аққала, Көкжайық, Самар, Преображенка ауылдарынан командалар қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша Абай ауданы жүлделі І орынға, Семей қаласы ІІ орынға және Самар ауылынан келген команда ІІІ орынға ие болды. Ойын жеңімпаздары ауыспалы кубокпен, медальдармен, мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің басты ұйымдастырушылары Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі болса, демеушілік еткен Қайырлы Мағзұмов жетекшілік жасайтын алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің аудандық бірлестігі болды. Теректілік жомарт кәсіпкер Мұрат Бөлкенов турнирдің бірінші өткізілунен бері қолдап, үлгі болар сауапты іске қамқорлық көрсетіп келеді.
- Жұмағазы Баяметұлы Лекеровті еске алуға арналған волейбол турнирі спорттық шаралардың ауданның күнтізбесіне енгізілген. Теректі ауылдық округі бойынша бірнеше жарыс: шаңғы мен хоккейден, волейболдан, тоғызқұмалақ пен шахмат, көкпардан аудан көлемінде өткізіледі. Ауылдық округ әкімі Қайрат Ахметқалиев округте спорттың дамуына баса назар аударуда. Осындай ел азаматтарына ұрпаққа үлгі болатындай жасаған игі істері үшін алғыс айтамыз. Арамызда үлгі тұтар азаматтар көптеп табылса екен деп тілейміз, - дейді Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі басшысы Ержан Кәрібаев.
Спорт ардагері Жұмағазы Лекеровті еске алуға арналған турнирдің басты мақсаты кезінде ардақты ұстаздың өзі насихаттайтын, оқытып үйрететін - дене тәрбиесі. Дені сау адамның - жаны сау. Ден саулығы мен жан саулығы бүгінгі қоғамыздың дамуына өте қажет. Теректі ауылына жиналып, ардақты ұстаз Лекеров рухына латафат еткен жарысқа келушілер көкпектілік волейбол ойының қалыптасқан жоғарғы деңгейін төмендетпей тарасты.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз