Ағымдағы жылдың 28 қараша күні, Көкпекті ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен еркін күрестен 2005-2006, 2007-2009 жылғы ұлдар арасындағы Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық дәстүрлі ашық турнирі өткізілді.
Аталмыш жарысқа Глубокое, Жарма, Зайсан, Тарбағатай аудандары және Көкпекті, Самар, Үлгілімалшы, Көкжайық, Бастаушы командаларынан барлығы 123 оқушы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарыстың ашылу салтанатында спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Ал жарыстың бас төрешісі, БЖСМ жаттық-тырушысы Жандос Серіков жиынды жалғастырып, жарыстың бағдарламасын, жарыс тәртібін түсіндірді.
Жарыстың нәтижесі бойынша Көкпекті ауданының намысын Жандос Серікұлы жаттықтыратын 28 баланың 6-ы жеңімпаз атанды. Олар: Шахкерім Жаратқан 20 кг, Ерасыл Еркешов 23 кг, Бекзат Әкежанов 26 кг, Әлинұр Әшімов 29кг, Әділхан Мансұров 38 кг, Әкежан Талғатов 60 кг салмақтарында.
Қүміс жүлдегер: Әлихан Байтұров 26 кг салмағында.
Қола жүлдегерлер: Мирас Нұржанұлы 65 кг, Нұрасыл Бақытбекұлы 20 кг салмақтарында.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, қаражат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне демеушілік жасаған ата-аналар: Нұрзат Әкежанов, Нұржан Тогусов, Дәулетхан Дужанов, Ділшат Нокин, Байказакова Клара Оразбаевна ұйымдастырушылар алқасы алғыстарын білдіреді.
Виктория ГАРМАШОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.