Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақтың зергерлік өнері - тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол - атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.
Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш.
Зергерлердің аса көп жасайтыны - әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.

Толығырақ...

13 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Үлгілімалшы ауылында қайта жөндеуден өткен мәдениет үйінің ашылу салтанаты өткізілді. Ұзақ жылдардан соң қайтадан есігін айқара ашқан мәдениет үйіне ақын Елеусіз Асылханов есімі берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Раджан Сейтқанов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Мәдениет үйінің сахнасында «Азат елдің ақындары» атты облыстық айтыс өткізілді.
Үлгілімалшы ауылдық мәдениет үйі 1978 жылы салынған. Алғашқы күннен бастап ауылдың мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкеліп, талай өнерпаз жас қанаттанып шыққан киелі ордаға айналды. 1984 жылы бұрынғы Семей облысында Абай театры, атақты "Қаламқас" театрларымен бір қатарда Үлгілімалшы халық театры "Халықтық" атағын алды. "Үлгілімалшы халық театры" сахналаған "Қыз Жібек" қойылымы әлі күнге дейін өнерсүйер көпшілік жадында. Сол уақыттарда "Үлгілімалшы халық театрындағы" тамаша өнерімен халықтың шынайы сүйіспеншілігіне ие болған аға буын өкілдері де қайта жөндеуден өткен мәдениет үйінің ашылуына қатысты.

Толығырақ...

Көкпекті ауылында 15-17 қараша күндері грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған грек-рим күресінен 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир өткізілді. Аудан орталығында жаңадан салынған дене шынықтыру сауықтыру кешенінде жалауын көтерген жарыстың өткізілуіне мұрындық болып, ұйымдастыру жұмыстарын атқарған Көкпекті аудандық №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Балабекұлы Танысбаев.
Даңқты балуан, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен Еңбегі үшін», «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Дәулет Болатұлы Тұрлыханов жүлдесіне ұйымдастырылған спорттық шараға Шығыс Қазақстан облысының талантты жасөспірімдері қатысып, күш сынас-ты. Бұл жарыста Өскемен және Семей қалалары, Үржар, Аягөз, Жарма, Тарбағатай және Көкпекті аудандарының балуандары бақтарын сынап, боз кілемдегі шеберліктерін көрсетті.

Толығырақ...

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Халық ауыз әдебиеті ішіндегі ең бір өміршең жанр – айтыс. Жексенбінің сәтті күні Самар шаһары жас ақындардың жырына кенелді. Мұхамед /с.а.у/ Пайғамбар дүниеге келген қасиетті «Мәуліт мерекесіне» орай Самар Мәдениет үйінде «Дін мен Дәстүр» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Бұл шараға мұрындық болған - Көкжыра ауылындағы «Қасымхан» мешітінің бас имамы Нұркен қажы, осы ауылдың тумасы, ұлттық құндылықтар қолдаушысы, бас демеушісі Досан Қасымхан.
Мерекелік кештің шымылдығын құттықтау сөзбен Нұркен қажы ашып берді. Аудан мешіттерінен келген имамдар сахнаға шығып, Пайғамбарға (с.а.у) арналған «Мәуліт жырын» оқыды. Тағылымы мол рухани кешке Самар және жақын ауылдардың тұрғындары, барлығы 100-ден аса адам куә болды.
Еліміздегі карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет шымылдығын түрген жыр аламанында 8 ақын бақ сынады. Көрші аудандардан келген азулы ақындармен қатар облыс орталығы Өскемен қаласының намысын арқалаған жас таланттар қатысты.

Толығырақ...

10 тамыз «Самар ауылдық округі әкімшілігінің» ұйымдастыруымен, санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және де Абай күніне орай, «Абай жаққан бір сәуле» атты іс-шара өтті. Байқауға Самар, Құлынжон, Көкжыра ауылдарының жастары қатысты.
Сайыстың басты мақсаты – сөз қадірін түсініп, әдеби тілде сөйлеуге жастарды дағдыландыру, Абай мұрасын насихаттау, шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың ұлттық әдебиеті мен сөзіне, мәдениеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз