Көкпектіде Уақ Бармақ батырды еске алуға арналған футбол жарысы мәресіне жетті. Қараша айында басталған футбол чемпионатының ақтық ойындары 24 наурызда ойналды. Батыр ұрпағы болып келетін павлодардық жомарт азамат Сұңғат Тапалчинов демеушілік еткен жарыстың жүлдесін ауданның маңдайалды 8 құрамасы сарапқа салды. Әр ойыны тартысқа толы өткен жарыс барысында 56 ойын өткізіліп, оған 96 ойыншы қатысты. Елжанды азамат Аслан Таныспаевтың бастамасымен Көкпекті орта мектебінде өткен ойындарда барлығы 337 гол соғылды.
Аудан орталығының әкімі Ерлан Ниязбаев пен аудандық маслихат депутаты қатысқан жабылу салтанатында үздіктердің есімі аталды. Қарсыластарынан оқ бойы ұзап кеткен «Достар» құрамасы жеңімпаз кубогымен бірге 50 мың теңге сыйақыны иеленіп, Бармақ Батыр турнирінің жеңімпазы атанды. Оларға мықты қарсылас бола білген «Барыс» құрамасы 2 орынды олжаласа, ақтық ойын күні тікелей қарсыластарын ұтқан Көкпекті орта мектебінің құрамасы 3 орынды қанжығаларына байлады.
Сондай-ақ, жеке шеберліктері арқылы ерекше көзге түскен футболшылар да марапаттан тыс қалмады. Үздік қақпашы - Азамат Шакенов, үздік қорғаушы - Серік Байсенгіров, үздік шабуылшы болып – Рүстем Арынов танылса, турнирдің ең үздік ойыншысы атағын Ерасыл Абилов жеңіп алды.
Қызықты ойындармен 5 айға созылған футбол турнирі дәстүрлі болып жалғасын таппақ. Батыр ұрпақтары аталмыш жарысты жаз мезгілінде де өткіземіз деп отыр.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.