Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанның бірнеше облысында құс тұмауының өршуі тіркелген, ал Шығыс Қазақстан облысында ауру жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Ауру айтып келмейді десек те, оның алдын алу – өз қолымызда.
Біз Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.А.Сарсенбаевпен құс тұмауы деген не және одан қалай қорғану керек деген сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргіздік.

Құс тұмауы қандай ауру?

- Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында кездеседі. Үй құстары құс тұмауымен ауырған жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, көп өлім-жітімге ұшыратады. Құстар ауырғанда тәбеті жоғалып, жемнен бас тартады, бұлшық еттері жансыздануына, яғни параличке ұшырауына байланысты қанаттары салбырап, жүргенде шатқаяқтап, сүріне береді. Мойыны салбырап, бастары 180 градусқа бұрылып кетуі де мүмкін, тамағы мен айдары ісініп, көкшіл тартады, мұрындарынан су ағып, түшкіре береді.

Толығырақ...

«Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің мәлімдеуінше, Көкпекті ауданында 1-17 қыркүйек аралығында КВИ жұқтырудың 12 жаңа жағдайы тіркелді.
6 адам симптомсыз санатына жатса, қалған 6 науқастың клиникалық белгілері бар. Короновирус індетінің 12 жағдайы келесі елді мекендер бо-йынша тіркелген: Самар ауылында 9 жағдай, Миролюбовкада 1, Көкпекті ауылында 2 жағдай тіркелді. Науқастар арасында балалар жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Көкпекті ауданында 16 маусым мен 17 қыркүйек аралығында COVID-19 жұқтырудың 195 жағдайы тіркеліп, оның 181-і сауығып шықты.
Бүгінгі таңда үй жағдайында ем алып жатқандар- 11 адам.

Толығырақ...

Егер Сіз COVID-19 – бен ауырып қалсаңыз, Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы сізге тезірек сауығып кетуіңізді және аурудан кейін қалпыңызға келуіңізді тілейді!
Біз сізге жүгінеміз, өйткені сіз коронавирусқа қарсы күресте дәрігерлердің таптырмас көмекшісі бола аласыз.
Қазір сіздің плазмаңызда COVID-19 вирусына қарсы жұмыс жасайтын антиденелер бар. Сондықтан осы кезеңдегі сіздің плазмаңыз иммундық плазма деп аталады.
Егер коронавирустық жұқпасы бар ауыр науқасқа иммундық плазманы құйса, ол донорлық антиденелерді ала отырып және өзінің иммундық жүйесін толық белсендіріп, антиденелерін шығарғанға дейінгі уақытты ұтымды пайдалана алады.

Толығырақ...

Көкпекті ауданында коронавирустық инфекцияның 5 жағдайы тіркелді. Оның барлығы дерлік Самар ауылының тұрғындары және зейнеткерлер. Емделушілер өздігінен медициналық көмекке жүгінген кезде тамақ ауруы, әлсіздік белгілері, дене қызуы жоғары болғандықтан, профилактикалық мақсатта тексерілді. ПТР зерттеулері оң нәтиже көрсетті. Барлық байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Сонымен қатар, 5 адамның 1-і симптомсыз санатына жатса, қалған 4 науқастың клиникалық белгілері бар. Қазіргі таңда науқастар Көкпекті аудандық аурухананың жұқпалы ауруларды емдеу бөліміне жатқызылған.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
(«ҚДС департаментінің Көкпекті аудандық тау-арлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің
ақпараты бойынша)

Біз еліміздің әрбір өңірінде қауіпті індеттен қаймықпай күресіп, адам жанының арашасы болып жүрген жандар жайлы материалдар ұсынамыз. Бала-шағадан жырақта жүрсе де, олар тәулік бойы қызметтерін қалтқысыз атқарады. Солардың бірі – Қарлығаш Бектемірова.

Көкпекті орталық аудандық ауруханасында 35 жыл бойы табан аудармастан еңбек етіп келетін тұрғындардың сүйікті медбикесі - Бектемірова Қарлығаш Әнуарбекқызы бүгінде әлемді жайлаған індетпен күресуде. Медициналық қызметкерлер жетіспегендіктен, шілде айының 17-сі жұқпалы аурулар ауруханасына көмекке шақырылыпты. Содан бері тәулігіне 12 сағат бойы арнайы қорғаныс костюмдерін, резеңке етік киіп, бет-жүзін тұмшалап, қолғап пен көзілдірікті қоса киіп сырқатпен күресіп жүр. Өйтпесе, қауіпті індетті жұқтырып алуы ықтимал. Гиппократ антына адал, алдыңғы орынға қызметін қоятын әйел-ана шаңырақ шаттығына бөленуге, отбасылық міндетін атқаруға мұршасы болмайды.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз