Егер Сіз COVID-19 – бен ауырып қалсаңыз, Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы сізге тезірек сауығып кетуіңізді және аурудан кейін қалпыңызға келуіңізді тілейді!
Біз сізге жүгінеміз, өйткені сіз коронавирусқа қарсы күресте дәрігерлердің таптырмас көмекшісі бола аласыз.
Қазір сіздің плазмаңызда COVID-19 вирусына қарсы жұмыс жасайтын антиденелер бар. Сондықтан осы кезеңдегі сіздің плазмаңыз иммундық плазма деп аталады.
Егер коронавирустық жұқпасы бар ауыр науқасқа иммундық плазманы құйса, ол донорлық антиденелерді ала отырып және өзінің иммундық жүйесін толық белсендіріп, антиденелерін шығарғанға дейінгі уақытты ұтымды пайдалана алады.
Қан орталығында өз плазмаңызды тапсырғаннан кейін сіз кем дегенде екі ауыр науқасқа бірден көмектесе аласыз. Сіздің денсаулығыңызға зиян келтірілмейді, плазманы беру – қарапайым және қауіпсіз процесс.
COVID-19-бен ауырлығы орташа және ауыр дәрежеде ауырып жазылған және толық сауыққан сәттен бастап кемінде 14 тәулік өткен 18 жастан асқан адам иммундық плазма доноры бола алады.
Барлық әлеуетті донорлар тұрғылықты жері бойынша COVID-19 (IgG класы) антиденелерінің бар-жоғына қан тексеруінен өтуі керек. Содан кейін антиденелерге оң нәтиже алған кезде донорлар Облыстық қан орталығында клиникалық-биохимиялық көрсеткіштерге, қан тобына, В, С гепатиттеріне, АИТВ, мерез, бруцеллезге тексеруден өтуі қажет.
Донорлыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде және COVID-19 (IgG класы) антиденелеріне оң нәтиже болған жағдайда донорды терапевт-дәрігердің медициналық тексерісінен кейін аппараттық плазмаферез әдісімен плазманы алу рәсіміне жібереді. Бір донордан 400-600 мл немесе иммундық плазманың 2-3 мөлшерін алуға болады.
Тапсырылған плазма үшін ақшалай сыйақы 7 АЕК
(19446 теңге) құрайды
Донор болу және мұқтаж науқастарға көмектесу үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына өз ниетіңіз туралы 8(7232)70-38-38; 87057520964 телефондары арқылы хабарласуыңыз қажет.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.