Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанның бірнеше облысында құс тұмауының өршуі тіркелген, ал Шығыс Қазақстан облысында ауру жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Ауру айтып келмейді десек те, оның алдын алу – өз қолымызда.
Біз Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.А.Сарсенбаевпен құс тұмауы деген не және одан қалай қорғану керек деген сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргіздік.

Құс тұмауы қандай ауру?

- Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында кездеседі. Үй құстары құс тұмауымен ауырған жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, көп өлім-жітімге ұшыратады. Құстар ауырғанда тәбеті жоғалып, жемнен бас тартады, бұлшық еттері жансыздануына, яғни параличке ұшырауына байланысты қанаттары салбырап, жүргенде шатқаяқтап, сүріне береді. Мойыны салбырап, бастары 180 градусқа бұрылып кетуі де мүмкін, тамағы мен айдары ісініп, көкшіл тартады, мұрындарынан су ағып, түшкіре береді.

 

Құс тұмауы қалай таралады?
- Құс тұмауы құстар арасында өте тез таралады. Жабайы құстар ( әсіресе, суда жүзетін үйрек, қаз және т.б.) ауру көзі болып табылады. Мысалы, қазіргі таралған құс тұмауы солтүстіктен оңтүстікке ұшып бара жатқан жабайы құстардың ауырып қырылуынан басталған. Оның алдында жабайы құстар жол-жөнекей сол жерлердегі өзен-көлдерге қонған, сол су көздерінде жүрген үй құстарымен араласқан, бір сөзбен айтқанда үй құстары ауруды жабайы құстардан жұқтырған. Құс тұмауының таралуы өте жылдам. Қазіргі таңда біраз уақыттың ішінде Республикада 7 облыс аумағы құс тұмауынан қолайсыз болып отыр. Бір айта кететін жайт құс тұмауы біздің облыспен шекаралас Павлодар, Қарағанды облыстарына да келіп жетті. Аудан тұрғындарына айтарым «қауіп жоқ деме, қыр астында» деген даналық сөзді естен шығармай, үй құстарын аулаларыңызда оқшаулап ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырамын.
Алдын алу шаралары қалай жүргізіледі?
- Құс тұмауынан үй құстарын сақтаудың жолы-ол құстарды оқшаулап, қамап ұстау. Егер құстарды көшеге, ауыл маңындағы өзендерге, тоғандарға емін-еркін жібере салған жағдайда олар жабайы құстармен араласады, ал жабайы құстар ауруды таратушы болғандықтан, үй құстарына аурудың жұғу қаупі өте жоғары болады. Сондай-ақ адамдар өз құстарына күнделікті бақылау жасай отырып, өлген, ауырған немесе жүріс-тұрысы қалыпты жағдайдан ауытқыған құстарды анықтаған жағдайда дереу жергілікті малдәрігерлік қызметке хабарлауға міндетті.
Құс тұмауының алдын алуға вакцина бар ма?
- Вакцина бар. Бүгінде Республика бойынша 4,7 миллион құсқа жететін 1,4 миллион доза вакцина бөлінген. Одан бөлек тағы 1 млн дозамен 3,5 млн құс егіледі. Көкпекті, Жарма сияқты аудандар облыс көлемінде орталықта орналасқандықтан, бұл аудандарға бүгінгі күнге вакцина әзірше бөлінген жоқ. Вакциналар, негізінен бірінші кезекте Ресеймен шекаралас және өз елімізде ауру анықталған облыстармен шекаралас аудандардағы құстарға егіледі. Өйткені ауру ошақтарына шекаралас аудандарға аурудың кіріп кету қаупі өте жоғары. Сондықтан Көкпекті ауданының тұрғындарына тағы да айтарым, әзірге бізде аурудың алдын алудың бір-ақ жолы бар, ол құстарыңызды емін-еркін далаға жібермей, қамап ұстау.
Адамдар аурудан қалай сақтануы тиіс?
- Дүкеннен алынған құс етін толық пісіріп жеу керек. Сонымен бірге жұмыртқаның сарысын жартылай шикі етіп емес, толық пісіріп жеген дұрыс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құс тұмауынан қорғану үшін мынандай қарапайым тәсілдерді ұсынады:
- балалардың жабайы, не үйдегі ауру құсқа жақындамауын қадағалау;
- ауырып тұрған құсты қолмен ұстауға, сойып алуға болмайды;
- ауырған немесе өлген құстарды көргенде, ол жерге басқа адамдарды жақындатпау. Бұл туралы дереу малдәрігерлік қызметке хабарлау;
- құстарға жем-суын беріп, орнын тазалағанда, күнделікті киетін киімнен бөлек арнайы киіммен кіріп, жұмысты әбден атқарып болғаннан кейін қолды мұқият сабындап жуып, арнайы киімді сыртқа шешіп,киім ауыстыру керек.
Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан
Гүлім ЕРЛАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз