Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біз еліміздің әрбір өңірінде қауіпті індеттен қаймықпай күресіп, адам жанының арашасы болып жүрген жандар жайлы материалдар ұсынамыз. Бала-шағадан жырақта жүрсе де, олар тәулік бойы қызметтерін қалтқысыз атқарады. Солардың бірі – Қарлығаш Бектемірова.

Көкпекті орталық аудандық ауруханасында 35 жыл бойы табан аудармастан еңбек етіп келетін тұрғындардың сүйікті медбикесі - Бектемірова Қарлығаш Әнуарбекқызы бүгінде әлемді жайлаған індетпен күресуде. Медициналық қызметкерлер жетіспегендіктен, шілде айының 17-сі жұқпалы аурулар ауруханасына көмекке шақырылыпты. Содан бері тәулігіне 12 сағат бойы арнайы қорғаныс костюмдерін, резеңке етік киіп, бет-жүзін тұмшалап, қолғап пен көзілдірікті қоса киіп сырқатпен күресіп жүр. Өйтпесе, қауіпті індетті жұқтырып алуы ықтимал. Гиппократ антына адал, алдыңғы орынға қызметін қоятын әйел-ана шаңырақ шаттығына бөленуге, отбасылық міндетін атқаруға мұршасы болмайды.


Ол - орталық аудандық ауруханасының №2 учаскесінің жалпы тәжірибелі мейірбикесі. Қарлығаш Әнуарбекқызы әріптестерімен бірге ауруханаға жатқызылған науқастардың дәрігер тағайындаған ем-домдарын жасап, 14 күн бойы жанқиярлықпен қызмет етеді.Еліміздегі жағдайға байланысты біздер жұқпаның эпидемиологиялық ошағында қызмет жасаудамыз.
-Біз қазіргі сын сағаттарда осы қауіпті індеттің алдын алу жолында бар күш-жігерімізді, алған біліміміз бен тәжірибемізді көрсетіп, аянбай еңбек етуді өз парызымыз санаймыз. Менің тілегім - ешкім ауырмасын. Індет жойылса екен», - дейді мейірбике. - Жағдай жақсарып, індеттің беті қайтып, үйіме аман-есен жетіп, қайтадан қалыпты өмірімізге оралсақ, - деген тілегін білдірді.
Ел азаматтарының денсаулығы жолында уақытпен санаспай, қауіпті індетпен күресте бастарын қатерге тігіп, алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер қауымына айтар алғысымыз шексіз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз