Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 22 тамызында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен оқушылар шығармашылық сарайында «Бар мейіріміміз балаларда» атауымен іс-шара өткізілді. Бұл шарада аға-әпкелері балаларға жанашырлық танытып, демеуші ретінде сый-сияпат жасады. Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен жастар маслихатының депутаттары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балалар демалатын бөлмесіне кілем сыйлады.
Қайырымдылық мақсаттағы шараның демеушілері Көкпекті аудандық жастар маслихатының депутаттары. Атап айтсақ, Ерлан Әзімбаев, Бақытгүл Ершенова, Назым Келербекова.
Сонымен қатар қайырымдылық шарасы барысында аудандық жастар ресурстық орталығының демеушілігімен балаларға оқуға қажетті заттар, ойыншықтар мен тәттілер сыйға тартылды.
- Бұл бастаманы жастар ресурстық орталығы көтерді. Ауданымыздың жастар маслихаты депутаттарына іс шараны өткізуге ұсыныс беріп, олардан қолдау тапқан соң акция өз мақсатына жетті. «Бар мейіріміміз балаларда» атты іс-шарасының мақсаты - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының балаларымен ынтымақтастық қатынас орнату. Өздерінің кем емес, керісінше ерекше екендіктерін сездіру. Оларға ерекше көңіл-күй сыйлау. Іс- шара барысында бүлдіршіндерге жас өнерпаздар әннен шашу шашты. Содан кейін балалар қызықты ойындар ойнады. Өздерін жан-жақты танытып, өнерлерін ортаға салды.

Толығырақ...

Халықаралық балаларды қорғау күні – ең көне мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен балалардың әл-ауқаты жөніндегі дүниежүзілік конференцияда қабылданды.

Толығырақ...

24 ақпан мен 24 наурыз аралығында республиканың барлық аймақтарында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне (24 наурыз) орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығы өткізілуде. «Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Көкпекті ауданында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесуімен бірқатар іс-шаралар жос-парланып, жүзеге асырылуда.
Олардың басты міндеті – туберкулез айықпас дерт емес екенін айту. Айлықтың мақсаты халықтың туберкулезге қарсы шаралар туралы және елдегі туберкулезді тексеру мен емдеудің тұрғындар үшін қолжетімді шарттары туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.
Туберкулез (латын тілінен tuberkulum – «туберкулез») — бұрыннан келе жатқан және белгілі ауру, ол неолит дәуіріндегі адамдардың қалдықтарынан табылған. Алайда тек 1882 жылы ғана Роберт Кох туберкулездің қоздырғышы – Кох таяқшасын бөліп алу арқылы оның инфекциялық сипатын дәлелдеді. 1882 жылы 24 наурызда неміс дәрігері Роберт Кох өзінің ашқан жаңалығын әлемге ресми түрде жариялады және осы күні ДДҰ бас-тамасымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтеді.

Толығырақ...

Жылжымалы медициналық кешендер (ПМК) – бұл шағын емхана түрінде жасалған, медициналық жабдықтармен, жиһаздармен және барлық тиісті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған заманауи медицинаның жаңа деңгейі.
ЖMК-мен төмендегі медициналық көмек көрсетіледі:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде.
ЖМК ұсынатын медициналық қызметтердің тізіміне мыналар кіреді:
ЖМК және (немесе) МК арқылы медициналық көмек көрсету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек (немесе) ЖМК қызмет көрсету аймағындағы елді мекеннің МП ұйымынан тартылған медицина қызметкері:
-тіркелген халық арасынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың тізімдерін қалыптастырады;

Толығырақ...

Аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдық округтерге жұмыс сапарын бастады. 7 шілде күнгі алғашқы жұмыс сапарында Мелитополь, Шұғылбай, Теректі ауылдарына барды. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауыл халқымен кездесіп, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш ауылдарды аралап, тұрғындармен тілдесіп, халықтың жай-күйіне көңіл аударды. Сапар барысында аудан басшысы ауылдық округтердегі әрбір ауылдың мектептері мен балабақшаларын, денсаулық сақтау орындарын, мәдени ошақтарын, кітапханаларын аралап, тұрғындармен пікірлесті. Кездесу барысында Мелитополь ауылының тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Бүгінде Мелитополь ауылында 78 тұрғын, түтінін түтетіп отырған 22 аула бар. Округ әкімінің айтуынша ауыл тұрғындары қолында бар төрт түлік малдарын кәдеге жаратып, алақандай аулаларынан табыс тауып отыр.
Шағын ауылдың шешілмей келе жатқан мәселесі медициналық пункттің болмауы және медициналық қызметкердің жоқтығы. Алақандай ауылдың алатау-дай азаматы Жәлел Байназаровтай ағамыз өз қаражатына ауылдастарына медпунктің ғимаратын сатып алып берген. Болашақта ғимараттың жөндеу жұмыстарына да демеушілік көрсетінін айтты. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев медициналық қызметке зәру шағын ауылдың тұрғындарына қажетті штат бірлігін қарастырып, шешуді орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Рахимбаеваға жүктеді.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз