Аудандық І жазғы Спартакиадасында спорттық жарыстардың барлық түрі бойынша жалпы есепте ІІІ орын алған Үлгілімалшы ауылдық округінің командасы Самар ауылында спорт күніне орай өткен дәстүрлі спартакиадада жүлделі ІІ орынды иеленіп, ауданда үлгілімалшылық спортшылар мықты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Спорттың барлық түрлерінен қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Мамай ауылының жастарынан құралған футбол командасы І орын, үлгілімалшылық волейболдан қыздар командасы ІІ орын, волейбол ұлдар командасы ІІІ орынды иеленсе, жекелей көрсеткіштер бойынша қазақша күрестен, гір көтеруден, теннистен, жеңіл атлетикадан 100 м-ге жүгіру, гранат лақтыру, шахмат, дойбыдан жүлделі нәтижелер көрсеткен спортшыларымызбен мақтанамыз. Үлгілімалшылық ардагер спортшы Мұхамедқали Ақбұзауов, Мамай ауылының футбол командасының капитаны Еркебұлан Мәкешев округтің волейбол командасының ойыншысы Ерсін Ботабаев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ауылдан шыққан түлектердің бірі волейболдан спорт ардагерлерінің ізін басқан Олжас Айжақсин ауылының патриот ұлы екендігін дәлелдеп, спартакиадаға арнайы келіп қатысты. Спортшылардың жарысқа қатысуына демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлерге рахмет айтамыз. Спортшылардың іріктеу ойындарына, Самар ауылындағы ақтық ойынға баруына көлікпен тасымалдап демеуші болған Қайрат Солтанғазин, Дидар Ғаниев, Сағат Мұсаев, Серік Омаров, Ержан Елубаев және тағы басқа азаматтарға алғыс білдіреміз. Салауатты өмір салтын ұстанған үлгілімалшылықтарға әрқашан жеңіс тілейміз.
М.Мырзабекова, Үлгілімалшы ауылы
«Нұр Отан» партиясының 15 съезі барысында партия төрағасы Н.Назарбаев «Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді» тапсырған болатын. Осы мақсатта жемқорлыққа қарсы күресудің 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасының жобасы жер-жерде талқылануда.
Таяуда бұл Бағдарламаның жобасы құрамында 81 партия мүшесі бар Биғаш селолық округінің бастауыш партия ұйымында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел» атты идеологиялық сабақ аясында қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, жиын өткізіліп Бағдарлама жобасы талқыланды.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы – Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық тәжірибесі мен осы саладағы жалпы әлемдік үрдістерді ескере отырып дайындалған. Бағдарлама мемлекеттің азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайратын барынша жұмылдаруға бағытталған.
Сондай-ақ «Қоғамдық бақылау туралы» заңдарды қабылдау туралы бағдарламада нық жазылған. Әрбір азамат жемқорлыққа қарсы тұрып, тосқауыл қоймайынша нәтижеге жету мүмкін емес. Ел ертеңі үшін аса қауіпті кесел - жемқорлықпен күресу бәріміздің міндетіміз. Сондықтан да бұл істі заман талабына сай жұмыла жолға қоюымыз қажет
Р.Наурызбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы саяси кеңесінің мүшесі
Елбасының бастамасымен қолға алынған « мектепке жол» акциясы оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз етудің үлгілі үрдісі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында Республика көлемінде жүріп жатқан бұл бастама біздің Үлкенбөкен ауылында жалғасын табуда.
Үлкенбөкен мектеп директорының айтуынша өткен әкімшілік апаратында «Мектепке жол» акциясына баса назар аударылған еді.
Бұл акция бойынша ауылымыздың бетке ұстар азаматтарының бірі жеке кәсіпкер Кенжетай Хощанов осы аз қамтылған отбасына қол ұшын беруде.
Мектеп ұжымы да бұл акцияға бір кісідей атсалысуда.
Баланың қуанышынан артық не бар дейсіз? Демеуші аға, әпкелерінен сый- сыяпат алған балалардың қуанышында шек болмады. «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтын, қолынан келгенше балаларға қамқорлық көрсетуге жұмыла кірісетін азаматтардың арамыздан көптен табылуы үлкен қуаныш. Осындай қайырымдылық шараларының басы -қасында жүретін ауылдастарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.
Өткен аптада аудан әкімі Белое, Құлынжон, Миролюбовка, Сарыбел, Палатцы ауылдық округтерінің тұрғындарымен, шаруашылық басшыларымен, кәсіпкерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізді.
26 тамыз күні аудан әкімінің төрағалығымен аудан активінің азық –түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша жиыны өтті. Бұл жиынға ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңестерінің өкілдері шақырылды. Жиын кворумы болды, бірақ күн тақырыбының маңыздылығын ескерсек, жиынға қатысушылар саны әлдеқайда молырақ болғаны дұрыс еді.
Жақында Қ.Алтынбаев атындағы орталық мәдениет үйінде аудан әкімі Д.Мусиннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ә.Мұқашева шаруа қожалықтары басшыларын, кәсіпкерлерді, жалпы аудан жұртшылығын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне бағыттап, тұрмысы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға кеңпейілділік көрсетуге үндеген болатын.
Көкпекті ауданы Белое ауылдық округінің мәдениет үйінде Конституция күніне орайластырыла, ежелгі атамекеніне қайтып оралған қандастарымыздың басын қосқан форум өтті. Аталмыш шараға аудан активтері, ауылдық округтердің әкімдері, ел-жұртына келіп, еңбегі жанған қандас азаматтар қатысты.
26 августа под председательством акима района прошло совещание с активом района по вопросам продовольственной безопасности. На совещание были приглашены главы сельхозформирований, предприниматели, акимы сельских округов, депутаты районногомаслихата, представители советов ветеранов. Кворум собрания, конечно же, был. Но учитывая актуальность темы, участников собрания могло быть намного больше.
30 августа, в селе Белое Кокпектинского района прошло торжественное мероприятие, посвященное одному из главных праздников страны.
В актовом зале сельского клуба не было свободных мест. Жители со всего района, ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла, аграрии и простые жители собрались, чтобы поздравить друг друга с праздником, который сыграл не малую роль в судьбе каждого. С поздравлением к жителям обратился аким района Д.М.Мусин. Он пожелал всем мира и благополучия, отметив, что успех и стабильное развитие нашего района – это заслуга каждого. - Сегодня мы отмечаем один из главных государственных праздников нашей страны - День Конституции Республики Казахстан. Для нас в приоритете реализация задач, поставленных перед нами Главой государства Н.А.Назарбаевым. Только все вместе, в единстве и согласии мы сумеем их осуществить. Конечно, нам еще предстоит немало сделать для процветания нашего края, для повышения качества жизни населения. Но я уверен – если каждый из нас приложит максимум усилий и внесет свой вклад в благополучие нашего района, то и страна в целом сделает уверенный шаг вперед.
На прошлой неделе при содействии Палаты предпринимателей были открыты профориентационные кабинеты в трех школах - имени Болгамбаева, имени Чайжунусова, Кокпектинской.
Современная ситуация, те проблемы, которые испытывают выпускники в профессиональном самоопределении, заставляют по-новому взглянуть на организацию профориентационной работы в школе. Профессиональные намерения значительной части выпускников зачастую не соответствуют потребностям экономики страны, области, района. Свою помощь в этой сложной и многогранной работе предложила школам областная Палата предпринимателей. В трех школах были выбраны мультимедийные кабинеты, где есть компьютеры, Интернет, интерактивная доска для работы на сайте профдиагностики, а также с материалами слайдовых презентаций о предприятиях. Для кабинетов изготовлены по заказу стенды, отражающие основные аспекты работы палаты предпринимателей, информация о предприятиях и учебных заведениях области. Кроме этого здесь представлены буклеты об успешных людях района. Теперь любой ученик может самостоятельно пройти профдиагностику, любой родитель может узнать о востребованных профессиях и учебных заведениях, где можно получить эти специальности. По словам А.Мукашевой, в рамках системной профориентационной работы Палата предпринимателей совместно с предприятиями, организациями технического и профессионального образования организует ряд мероприятий для оказания помощи в самопределении молодежи. И неслучайно один из старшеклассников Кокпектинской школы на открытии профкабинета сказал: «Спасибо, что открыли такой кабинет для нас. Будьте уверены, что к выбору своей профессии мы подойдем осознанно со всей ответственностью».
Существенное отличие современного понимания профориентационной работы заключается в ее нацеленности не на выбор конкретной профессии каждым учеником, а на формирование неких универсальных качеств у учащихся, позволяющих осуществлять сознательный, самостоятельный профессиональный выбор, быть ответственными за свой выбор, быть профессионально мобильными.
Надежда ШАРОВА
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.