Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
Ринат Араратұлы Қажиақперов, аудандық маслихаттың депутаты: -9 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жарияланғанын білеміз.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылданды. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеруде.
Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы өтетін сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне зор сенім білдіріп отыр.
Қымбатты Отандастар!
Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.
Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым.
Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім.
Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.
Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.
Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.
Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды.
Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз.
Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.
Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін.
Толығырақ...Көкпекті ауданының коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен техникалары қызу жұмыс үстінде. Бұған жұмыс атқарылып жатқан жерлердегі тақтайдай тегіс ауыл жолдары мен түзу көшелерге қарап көзіміз жетеді. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап «Көкпекті» коммуналды шаруашылығының техникасы ауыл жолдары мен аудан орталығының ішкі көшелеріне жұмылдырылды. Бұрын бұл жұмыспен мердігерлер айналысып келген.
Аудан басшысы Асхат Смаиловтың бастамасымен коммуналдық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, жұмысын жандандырып, жаңа арнаға бұру бағытында қыруар шаруа атқарылды. 2018 жылы «Көкпекті» және «Самар» коммуналдық мекемелерінің техникалық базасы жаңартылды. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 99 миллион 300 мың теңге қаражат бөлініп, жаңадан 5 бірлік техника және 4 техниалық құрылғылар сатып алынды. 2019 жылғы аудан бюджетінен жаңа техника сатып алуға тағы 160 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Шаруа-сы шатқалақтап кеткен коммуналдық мекемелердің жұмысын жолға қойып, дұрыс арнаға бұрудың алғашқы нәтижесін бүгін көріп отырмыз.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.