Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
Соңғы жылдары дәстүрге айналған ауылшаруашылығы жәрмеңкесі наурыздың 30 күні аудан орталығында өткізілді. Бұл жәрмеңкелер нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іске асырылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша сенбілік жәрмеңкеге Үлкенбөкен, Теректі, Көкпекті, Шұғылбай, Тассай, Үлгілімалшы, Биғаш, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтері атсалыса қатысты. Атап айтқанда, 480 келі – ірі қара малдың еті, 100 келі қой еті, 200 келі жылқы еті, шошқа еті, құс еті, 300 келі – балық, 50 келі – бал, 300 келі картоп, 100 келі орамжапырақ,100 келі сәбіз, 50 келі тартылған балық, 90 келі сары май, 900 дана жұмыртқа, 60 литр тұздалған азық қоры және талқан, құрт, ірімшік сияқты сүт өнімдері тұтынушыларға саудаға шығарылды. Бағалары да қолжетімді болды. Мәселен, сиыр еті – 1 келісі –1300-1400 теңгеден сатылды, картоп – 120 теңгеге берілді.
Толығырақ...15 жылдан астам аптасына 3 рет қатынап келген «Самар- Алматы» бағытындағы жолаушы тасымалдаушы автобус 2018 жылдың желтоқсан айынан бері тоқтап, қыс бойы мүлдем жүрмей қойған. Осылайша еліміздің ең ірі қаласы Алматымен арадағы жалғыз қоғамдық көлік байланысы тоқтап, Көкпекті ауданы тұрғындары қиналып қалды. Әсіресе, Алматыда оқитын студент жастар мен саудамен айналысатын тұрғындарға ауыр соққан екен. Алматыға жету үшін такси жалдап, Өскемен немесе Жалғызтөбеге сабылған жұрттың табаны тозған.
Тарыққан тұрғындар арызын айтып, аудан әкімі Асхат Смаиловқа хат жолдады. Жергілікті биліктің араласуымен «Самар - Алматы» бағытындағы автобус маршруты сәуір айында жұмысын қайта жаңғыртты. Күнара жүретін автобус 5 ай бойы Самарға келмей қайда «адасып жүрген» сонда? Мердігер мекеме тендер бойынша жеңіп алған маршруттағы міндетін неге орындамайды? – деген сауал туындайды.
Толығырақ...- 9 апреля, президент Касым-Жомарт Токаев в ходе обращения к народу объявил о решении провести внеочередные выборы президента Казахстана 9 июня текущего года. Я разделяю его мнение о важности и необходимости подобного шага. Это правильный курс, направленный на снятие какой-либо неопределенности относительно политического будущего нашей страны. Выступая гарантом честных выборов, Касым-Жомарт Кемелевич дает понять, что этот процесс пройдет открыто и справедливо, являясь прямым волеизъявлением народа
Мы, как истинные патриоты своей страны, должны со всей ответственностью подойти к предстоящим выборам. Ведь от нашего решения зависит будущее страны и судьба каждого ее гражданина.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.