Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
1 мая наша страна отметила один из самых добрых и светлых праздников – День единства народа Казахстана. Это праздник дружбы, понимания и согласия, которые так необходимы для мирной жизни в стране, где проживают более 150 наций и народностей.
День единства народа Казахстана — уникальный государственный праздник. Он по-особому дорог нам, живущим в полиэтнической и многоликой, но одинаково родной всем стране.1 мая в селе Кокпекты на площади перед Домом культуры было красочно и многолюдно. Широко развернулся богатый дастархан со всевозможными национальными угощениями. Тут была представлена азербайджанская, русская, казахская, чеченская, грузинская, уйгурская кухня.
Толығырақ...Сан ұлттың басын біріктірген бейбітшілік пен жасампаздықтың мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнін Көкпекті жұрты шаттыққа толы көңіл күймен қарсы алды. Күн райының күрт өзгеріп, қолайсыздық көрсеткеніне қарамастан, 1 мамырда таңертеңнен Көкпекті ауылының орталық бөлігіне қолдарына қызылды-жасылды шарлар, жалаушалар мен ел бірлігі, ұлт татулығы, бейбітшілік, ынтымақ туралы ұрандарын көтеріп шыққан жұртшылықтың қарасы көп болды.
Еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамды өз дәрежесінде атап өтуге аудан орталығындағы барша мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің орталық мәдениет үйі алаңына бір кісідей жиылуы көпұлтты Көкпекті халқының ауызбіршілігі мен берекесінің көрінісі болса керек. Жиылған қауым түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, әрқайсысы өз тілдерінде құттықтау арнап, салтанатпен алаңға қарай сап түзеді.
Қазақстанның көк байрағын алып жүру мәртебесіне аудан спортына қомақты үлес қосып, республикалық, облыстық жарыстарда озық шығып, халықаралық ареналарда жүлдегер болып жүрген балғын спортшылар – Көкпекті ауылынан шыққан таэквондодан спорт шеберлігіне үміткер, Азия чемпионы Анатолий Бойков пен Азия чемпионатының қола медаль жүлдегері Рахат Байсақалов лайық болды.
Ретро әндерге күні бүгінге дейін жұрттың ықыласы ерекше. Мәнді де ырғақты әуендер өткен күннен сыр шертетін тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге ықпал ететіндігі сөзсіз.
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Көкпекті ауылында Тарбағатай ауданының «Ақжар» мәдениет үйі әртістері «Күндер мен жылдар» атты 70-80 жылдардың танымал әндерін ансамбльдің сүйемелдеуімен шырқап, көрермен қауымға ерекше сый тартты.
Жұртшылықты ретро әндермен сусындату мақсатында ұйымдастырылған кешке аудан тұрғындары көптен күткендей. Аудан орталығындағы Қалиқан Алтынбаев атындағы мәдениет үйі көрерменге лық толды. Кешті бас-тап келген «Ақжар» мәдениет үйінің директоры Болат Айтмұхамбетұлы Құсайынов. Болат Айтмұхамбетұлы спортты жанына серік етіп, өнер көшін басқарып жүргеніне 5 жылдай уақыт болыпты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.