ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың басшылығымен төтенше жағдайлар қызметі, құтқарушылар мен ауылдық округ әкімдері, салалық құрылымдар мен ауыл тұрғындары бірлесе отырып, жан-жақты шаралар қолданып, елді мекендер мен адамдарды құтқарумен айналысты. Бірлескен жұмыс пен береке-бірліктің арқасында тасқынға тосқын қойылды. Көкпекті ауданында бүгінгі күні қауіп сейілді.

 

 
 
 
Биғаш ауылы
Ақсуат ауданы аумағынан бастау алатын Кіндікті өзенінде су көтеріліп, арнасынан асу салдарынан ауыл аумағына су кірді. 31-наурыз күні арнасынан асқан өзен суы Биғаш ауылының Советская көшесіне жайылды.Су деңгейін төмендету үшін ұзындығы 20 метр, ені 15 метр, тереңдігі 3 метр болатын арық қазу жұмыстары атқарылды.
Кіндікті өзенінің жағалауын бекіту мақсатында инертті материал мен топырақ салынған қаптар қолданылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде су деңгейі төмендеді. Бүгінгі күні жағдай тұрақты. Биғаш ауылында 3 тұрғын үйдің ауласына су кірді.
- Биғаш ауылдық округінде тасқынға тосқын қою үшін барлық шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта Кіндікті өзенінде су деңгейі төмендеп, жағдай тұрақтанды. Оқиға орнында «Көкпекті жолдары» ЖШС қарасты 1 арнайы техника және 2 МТЗ-82 маркалы трактор жұмыс істеуде. Сондай-ақ барлық 9 ауылдық округке 1 мотопомпадан берілді. Жұмыс нәтижесінде 1400 дана топырақ салынған қап және 100 тонна инертті материал төселді. Биғаш ауылына апарытын жол ауыр жүк көліктері мен өту мүмкіндігі жоғары көліктер үшін қалпына келтірілді. Биғаш ауылдық округіне қарасты Қарғалы-Комсомол ауылдарында электр энергиясы жоқ. Көкпекті өзенінің бойындағы жарық бағаны құлау салдарынан Қарғалы-Комсомол ауылдарында 3 жеке меншік үй жарықсыз отыр. Қалпына келтіру жұмыстары Көкпекті өзеніндегі су деңгейі төмендегенде жалғасады, - дейді Көкпекті аудандық әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Қуаныш Әнкебаев.
Биғаш ауылдық округінде 336 тұрғын бар. Аула саны 98 үй. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев оқиға орнына бірден жетіп, шұғыл шешімдер қабылдап, тиісті шараларды жүзеге асыруға тікелей басшылық етті. Су тасқынына тосқын қою шараларына ауылдық округ тұрғындары белсенді қатысты. Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, құтқарушылар, еріктілер жасағы барын салды. Семей қаласының 68303 әскери бөлімшесінен келген 20 сарбаз үлкен жұмыс атқарды. Сарбаздарға жетекшілік еткен майор Дархан Жүнісовтың кәсіби шеберлігі мен қызметіне адалдығы шұғыл әрекет ету барысында жемісін берді.
 
Көкпекті ауылы
Ақсуат және Жарма аудандары аумағынан судың көп мөлшерде келуінен Көкпекті өзенінде су деңгейі көтерілді. Су басқан тұрғын үйлер мен аулалар жоқ. Көкпекті өзенінен өтетін көпірді су шайып кетпеу үшін шұғыл шаралар қолға алынды. Өзен жағалауын бекітіп, көпір құрылысын күшейту жұмысы атқарылды. Топырақ салынған қаптар қойылып, тас төгілді.
Сын сағатта жергіліктіазаматтар көмекке келді. Жеке кәсіпкер Руслан Ибрагимов тракторымен тас тасыды. «Көкпекті жолдары» ЖШС басшысы Гүлназ Нұрғалиева бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қашан да алдыңғы орынға қоютынын тағы бір мәрте нақты ісімен дәлелдеді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 2000 тонна тас пен қиыршық тас төселіп, 1500 дана топырақ салынған қаптар қойылды.
Аудандық әкімдіктен 30 адам және өрт сөндіру бөлімінен 5 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Көкпекті өзеніндегі су деңгейі 245 см болып тұр. Су деңгейінің 350 см ең қауіпті болып саналады.
 
Көкжайық ауылы
1-сәуір күні Көкжайық ауылының 3 көшесіне тасқын су жайылды. Ақсуат және Жарма ауданы аумағынан көп мөлшерде су келіп, Көкжайық ауылына қауіп төндірді. Нәтижесінде су жайылған Абай, Б.Момышұлы және Авдеев көшелерінің тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.
Аталмыш көшелердегі 15 аулаға су кірді. Олардың ішінде 3 үйде ешкім тұрмайды. Көкжайық ауылында тұрғындарды эвакуациялау үшін уақытша орналастыру бекеттері белгіленді. Олар ауылдық округ әкімдігінің ғимараты, мектеп және балабақша ғимараттары. Уақытша орналастыру бекеттері 300 адамға арналған. Барлығы 106 адам көшірілді, олардың ішінде 32 бала бар. Қазіргі уақытта барлық тұрғындар өз үйлеріне оралды.
Көкжайық ауылында облыстық жедел штаб құрылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатовтың басшылығымен жедел әрекет ету тобы іске кірісті. Оқиға орнына Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков келді. Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев бірінші күннен бастап Көкжайық ауылындағы жағдаймен танысып, елмен бірге оқиға орнында жүрді.
Күндіз-түні тоқтаусыз атқарылған жұмыс нәтижесінде 6200 дана топырақ салынған қап бөгеліп, 6300 тонна инертті материал жеткізілді. Көшелерге жайылған 3782 текше метр қарғын су шығарылды.
Аудандық маңыздағы Үлкенбөкен – Көкжайық автокөлік жолының 10-23 шақырымында еріген қар суы жол үстімен өту дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта көлік қатынасы ашық. Көкжайық ауылында барлығы 272 аулада 985 адам тұрады.
Көкжайық ауылының Ивановка учаскесінде орналасқан «Сібір жарасы» көмілген учаскеге даладан еріген қар суы келіп құйылуда. Нысан Көкжайық ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ тағы бір осындай нысан Тассай ауылдық окрігінің Үшкөпір учаскесінде орналасқан. Қазіргі уақытт ауа райының салқындауына байланысты қардың еруі баяулап, қарғын судың келуі төмендеді. Бұл нысандар қоршалған және бетондалған. Еріген қар суының алқапқа көптеп жайылуы аталмыш нысандардың жағдайын анықтап, маңайынан суды бұру жұмыстарын атқаруға кедергі болып тұр. Қалыптасқан жағдай жергілікті атқарушы билік пен ветеринарлық қызметтің жіті бақылауында.
Тынымсыз жүргізілген апаттан құтқару жұмыстарына көп адам күші мен арнайы техника жұмылдырылды. Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 50 адам және 9 арнайы техника, 9 мотопомпа, Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 12 адам және 3 арнайы техника күші қатысты.
Аудандық әкімдіктен 30 адам, 4 арнайы техника, «Елімай» ЖШС 20 адам, 3 арнайы техника, аудандық полиция бөлімінен 15 адам және 4 техника, ҚазСелденқорғау 3 адам және 2 дана эксковатор техникасы, Ұзынағаш ауылынан келген 28237 әскери бөлімшесінің 28 сарбазы мен 2 арнайы техникасы, Семей қаласының 68303 әскери бөлімінен келген 3 адам және 1 арнайы техника, 2 дана моторлы қайық жұмылдырылды. Барлығы 161 адам күші және 28 арнайы техника жұмыс атқарды.
Бұл жерде Көкжайық ауылының тұрғындарының береке-бірлігін ерекше атап өткен абзал. Ер азаматтар тасқынды тоқтату үшін күндіз-түні тынымсыз еңбектенді. Мекеме және ұйым қызметкерлері көмекке келген әскерилер мен төтенше жағдай қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
 
Тассай ауылы
31-наурызда Көкпекті өзенінің су деңгейі көтерілуінен жергілікті маңызы бар «Көкпекті-Тассай» автожолындағы «Жүзағаш» учаскесінің көпір құрылымына зақым келіп, жол төсемі бұзылды. Қазіргі уақытта Көкпекті – Тассай автокөлік жолы жабық. Жол бойындағы Кілеңжыра және Мәметек учаскелерінде жолды су шайып кетті. Тассай, Ақсу, Үшкөмей және Қайнар елді мекендеріне автокөлік қатынасы үзілді.
Тассай ауылдық округінде 312 тұрғын үй бар. Округте 1088 тұрғын тіркелген. Ауылдарда азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Медициналық қызмектерлер қажет болған жағдайда алғашқы көмек беруге дайын, кезекшілік ұйымдастырылды.
 
Шұғылбай ауылы
Таудан келген қар суының көп мөлшерде жиналуынан Шұғылбай ауылын су басу қаупі туындады. Тұрғын үйлерге су кіргізбеу мақсатында ауыл ортасындағы негізгі автокөлік жолы жыртылды. Ауыл ішімен суды өткізіп, Тәлмен өзеңіне бұрып жіберу мақсатында ұзындығы 5 метр, жалпақтығы 8 метр, тереңдігі 2 метр арық қазылды.
Жолдан өткізілген су 10 аула аумағына кірді. Ауылдық округ әкімдігі алдын ала тұрғындарды хабарландырып, қауіпсіз жерге көшірді. Эвакуцияланған 34 адамның 10-ы бала. Олар туысқандарының үйіне өз күшімен көшті.
Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде су деңгейі төмендеді. Қазіргі уақытта барлық тұрғындар өз үйлеріне оралды. Шұғылбай ауылында 100 аулада 367 адам тұрады.
Оқиға орнында Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 29 адам және 4 арнайы техника, 8 мотопомпа жұмыс істеуде. Сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстарына Семей қаласы 68303 әскери бөлімінен 3 адам және 1 арнайы техника, 2 суда жүзу құралы, Ұзынағаш ауылының 28237 әскери бөлімінен 28 адам және 2 арнайы техника, 2 мотопомпа, ҚазСелденҚорғау қызметінен 2 адам және 1 арнайы техника, жергілікті атқару органнан 26 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылды. Автокөлік жолында қозғалыс қалпына келтірілді.
 
Үлгілімалшы ауылы
Ауылдық округ әкмідігінің мәліметі бойынша бүгінгі күні Үлгілімалшы ауылдық округі бойынша жағдай қалыпты. Су деңгейі 1 метрге дейін түсті.
Үлгілімалшы және Мамай ауылдарынан 100-ден астам ер азаматтар тасқынның алдын алу жұмыстарына белсене қатысты. Ұйымшылдықпен жұмыс атқарып, елді мекендерді су басу қаупін сейілтті. Шаруа қожалықтары 2 арнайы техника, 1 газель көлігін көмекке шығарды.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
 
Преображенка ауылы
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінде көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы ауылдық округ әкімдігі ресми ақпарат берді. Облыстық маңызы бар Көкпекті-Самар автокөлік жолында 2 көпір, аудандық маңызы бар жолда 3 су өткізгіш құбыр, ауыл ішінде орналасқан барлық су өткізгіш құбырлар мен көпірлер, арықтар қар мен қоқыстардан тазартылды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына «Өрнек» ЖШС және «Көкпекті жолдары» ЖШС техникаларын берді. Жеке кәсіпкер Ерлан Мұсағалиев МТЗ доңғалақты тракторын шығарды. Ауылдық округ әкімшілігінен 7 адам, Преображенка ауылдық клубынан 4 адам жұмылдырылды.
Еріген қар суын мотопомпамен сорып, ашық арықтарға бұру жұмыстары жүргізілді. Су тасқынын алдын алуға қажетті 80 тонна инертті материал жеткізілді. Әкімшілікке 700 қап бөлінді. Бүгінгі күні 400 қап инертті материалмен қапталып, су арналары бекітілді. Қажет болған жағдайда қосымша 300 қап инертті материал қапталады.
Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су басу қаупі бар аймақтар әкімшіліктің қатаң бақылауында.
 
Ажа ауылы
Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа ауылына тасқын суды кіргізбеу үшін бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылды.
1-сәуір күні ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновтың басшылығымен ауыл сыртында бөгеу салынды. Бұл жұмыстарға ауылдық округ әкімдігінен 10 жұмысшы күші тартылды. Сондай-ақ қытайлық «Хавай» компаниясынан арнайы техника тартылды. Жергілікті «Бек» ЖК және жеке кәсіпкер Руслан Ибрагимов техникасымен көмек көрсетті.
 
Теректі ауылы
Теректі ауылында жағдай тұрақты. 3-сәуір күні қарғын су келіп, ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен уақытында арнаға бұру жұмыстары жүргізілді. Су бұру жұмысына жергілікті шаруа қожалықтары көмекке шығарған 2 арнайы техника мен 1 погрузчик жұмылдырылды.
 
Үлкенбөкен ауылы
Үлкенбөкен ауылдық округінде жағдай тұрақты. Барлық су өткізгіш құбырлар мен көпірлер қар мен қоқыстан тазартылды.
Жансары - Үлкенбөкен тас жолына кезекшілік ұйымдастырылып, су өткізгіш 4 кұбыр қар мен мұздан аршылды. Үлкенбөкен аулылдық округінің мекеме басшылары, дәріхана, шаруа қожалықтарымен екіжақты келісім-шарт жасалды. Округ орталығында 6 су өткізгіш кұбырлары, Ақтас ауылында 2 су өткізгіш кұбырлары және Жансары ауылында 2 су өткізгіш кұбырлары тазаланды. Үлкенбөкен су қоймасына жол ашылды және су деңгейі күнделікті бақылауға алынды. Ауылдық клуб ғимаратында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 500 қап және 60 тонна инерттік материал дайындалды.
 
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз