Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандағы шалғай елді-мекендердің бірі Қарақол ауылында желтоқсанның 29 күні балаларға арналған жаңажылдық мереке өтті. Шыршатойға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақыт Есімханқызы Оразғалиева мен аудандық «Нұр Отан»партиясы филиалының бірінші орынбасары Гүлбарам Майлыбайқызы Ақшабаева арнайы барып, балаларға мерекелік сыйлықтар табыстады.

Шағын ауылдың мектебінің тар дәлізінде өткен шыршатой көрермендерді шаттыққа кенелтті. Мерекелік қойылымдарды тамашалауға ауыл тұрғындары да жиналған.

Барлық жандар бір білекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді ғой деп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым, - деп басталған «Қош келдің, Жаңа Жыл» атты мерекелік шара ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Шәмшігүл Жолданбаеваның жаңажылдық құттықтау сөзімен жалғасты. –Бүлдіршіндерді, оқушыларды, барша ауыл тұрғындарын жаңа жылдарымен құттықтаймын. Келер жылда тек жақсылықтар болып, ұрпағымыз білімге құштар болып өссін. Бүгінгі күндей шалқып отырғанымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Жаңа жыл құтты болсын! – деп ақ тілегін ақтарды мектеп директоры.

Биылғы жылқы жылының кейпіндегі балалардың киімдері де қызыға қарайтындай көз тартады. «Мен мынадай болып киінемін, маған мынаны алып берші» деп қуаныштарын жасыра алмайтын балалардың еркеліктерін көтеретін ата-аналардың да көңілдері көтеріліп, алғыстарын жаудыруда.

Ал ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі өнерпаздардың өнерлері думанды одан әрі қыздыра түсті. Ата-аналар сәбилерінің күнделікті күйкі тірліктен бір мезет арылып, жайнаған жүздерін көріп, риза болды. «Берсең балаға бер» - дегендей, көңіл бөліп сый жасағанына жан жүректерімен қуанып, жанарлары жарқылдаған балақайлардың қуаныштарында шек жоқ. Ал шырша маңына топтасқан аңдар кейпіндегі балалар бір-бірімен аңдысып, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алудың түрлі әдісін тауып, ән айтып, би билеп жатты.

Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Сағындықовтың атынан балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды. Шыршатой Гүлбарам Майлыбайқызы мен Бақыт Есімханқызының құттықтау сөзімен аяқталды.

Сыйлық алып шаттыққа бөленген бүлдіршіндер мерекелік көтеріңкі күймен үйлеріне тарасып жатты.

Жанерке АБЫЛХАН

Халқымыз ерте заманда-ақ «Денсаулық – зор байлық» - деп білген. Спортты әрқашан да биік нысанға қойған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ұрпағымыздың ойы сергек,дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев спортты дамытуға, салауатты өмір салтына айрықша мән береді. Елбасы: «Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады, сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі»,- деп атап өткен.

Біздің Үлкенбөкен аулында да бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән беріліп, хоккей қорабы орнатылды. Соған байланысты 20 желтоқсанда ауылда хоккей маусымының ашылу рәсімі өтті. Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Осы айтулы іс-шараға ауданнан спорт бөлімінің басшылары М.Жұмақанов С. Темірханов, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.Нұрмұхамбетов және көрші ауылдардан бес команда қонаққа келді. Салтанатты ашылу рәсіміне Үлкенбөкен мектеп ұжымы, басшылары, сынып жетекшілер, мұғалімдер және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Іс-шара мерекеге сай безендіріліп, Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жылы лебіз, тілегін білдіруге сөз алған ардагер ұстазымыз Л. Осипова жас спортшыларға денсаулық пен жеңіс тілеп, осы хоккей қорабына DVD сыйға тартты. Лилия Васильевна қолы бос кезде үнемі хоккей қорабына келіп, конькимен мәнерлеп сырғанайды. Салауатты өмір салтын ұстанып,жастарға үлгі көрсетеді. Осы игі іс-шара хоккей ойнаудан жолдастық кездесуге жалғасты. Жалпы спорт ойындарының ішіндегі ең мықтысы хоккей саналады. Хоккеймен нағыз ерлер ғана ойнайды. Осы аудандық жарыста бірінші орынды біздің ауылдың жас хоккейшілері жеңіп алса, екінші орынды Үлгілімалшы аулынан келген жас спортшылар иеленіп, үшінші орынды Самарлықтар місе тұтты.

Құрыш білекті, батыл жүректі жас спортшылар Айдос Рыскельдинов, Ернар Жұмаділов Амангельді Ғизаттолаев, Әділжан Артықпаев, Берікжан Тұрыспек, Аман Ахметов, Әдлет Рамазанов, Андрей Колядо, Шыңғыс Мұстафин хоккей жарысында біздің жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жас спортшыларға оқуда, алдағы жарыстарда сәттілік тілеймін. Ал жас хоккейшілерімізді баптап,бәйгеге қосып жүрген бапкер Есет Нұрғазыұлы Тукушевке биылғы маусымашардың алғашқы жеңісі құтты болсын демекпіз.

К.Қалиева,Үлкенбөкен ауылы

Жаңа жыл қарсаңында Каз.Цинк АО және Облыстық Білім Беру Департаменті Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің оқушылары арасында «Тілектер орындалатын шырша!» атты облыстық сайыс жариялады.

Аталған сайысқа қатысқан Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебіндегі «Сурет» үйірмесінің оқушысы Дмитрий Росс (жетекшісі Р.Кияқпаев) жүлделі орынды  иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Дима алда әлі талай шыңдардан көрінеді деген үміттеміз.

Ш.Таныбаева, тәрбие ісінің меңгерушісі, Балалар өнер мектебі

Семей қаласында 20-21 қараша күндері денешынықтыру- сауықтыру кешенінде самбодан шығысқазақстандық біріншілік өтті. Әуезов орта мектебінің бас жаттықтырушысы А.Ізғұттинов бастап, төрт оқушыны дайындап, жарысқа апарды. Спортшыларымыз үш жүзден аса самбошылар арасында топ жарып, жүлделі орындарға ие болғанын мақтанышпен айта аламыз. Самбошылар Әділ Мәуітбеков 1-орын, Азамат Ноғайбаев 2-орын, Алдияр Қапсадықов 3-орын алып, өз салмақтарында осындай жетістікке жетті.

Қазақ күресінің қыр-сырын меңгеріп жүрген талапты спортшыларымыздың жеңістері мұнымен шектелмейтіні анық.

Қазақ елінің көк байрағын жоғары көтеріп, абыройын асқақтата беріңдер, демекпіз.

М.Садықова, тәрбие ісінің меңгерушісі, Әуезов орта мектебі, Тассай ауылы

Өткен аптада Көкпекті ауданында Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған қазақша күрестен аудандық жарыс өтті.

Бұл күні ұлттық спорт түрі- қазақша күрес жарысына 1999 жылдан бастап 2003 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Турнир барысында ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынады. Екі қатар төселген күрес кілемінде қара терге түскен палуандар. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» дегендей, жарыс барысында жер бауырлап жатқан қарсыласының белінен алып, ыңғайлы жағына аударып тастау әркімнің арманы болды.

Жарысқа қатысқан Көкжайық орта мектебінің оқушылары арасынан 6 «Ә» сынып оқушысы Мерей Қайратов пен 8 «Ә» сынып оқушысы Құштар Серікұлы – ІІІ орынды иеленіп, жас жаттықтырушы Данияр Орынбековтің сенімін ақтады.  Болашақта команданың басқа мүшелері де өздерінің шеберліктерін шыңдай түсетініне сенім мол. Аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушының шәкірттері әлі де жақсы нәтиже көрсетуге тырысады деп ойлаймыз.

Назгүл МУРСАЛИМОВА

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз