Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен дүйсенбіде аудан әкімі Рамиль Сағындықов Көкпекті ауылында азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.
Қабылдауға келгендердің аудан әкіміне айтқан арыз-армандарының басым бөлігі баспана мәселесі болды. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аудан көлемінде көкейкесті болып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болғанын айта кету керек. Үй кезегінде тұрғандардың саны жыл сайын артпаса кемімей отыр. Көкпекті ауылының тұрғыны Г.Шәкенова 36 пәтерлік үйде тұрады. Жалпы бұл үй қызметтік пәтерлер қатарында. Ал оған пәтер анасынан мұраға қалған, сондықтан да ол осы пәтерді өзіне жекеменшікке жаздыруды қалайды. Қазіргі күні ТҮКШ-тің мәліметі бойынша бұл мәселе комиссияда қаралған, комиссия пәтерге байланысты қосымша материалдар жиналғанша шешім шығаруды шегере тұруды жөн санаған.

Толығырақ...

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан хал-қына арнаған Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды ай сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.

Толығырақ...

Қоңыр күз өтіп, қыс та қыр астынан төбе көрсетіп тұр. Мұның өзі қысқы кезеңге дайындықты тағы бір пысықтап, бұл бағыттағы жұмыстардың етек-жеңін жинақтауды қажет ететіні сөзсіз. Осы мақсатта Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс тұрғын-үй коммуналдық ша-руашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жылу маусымына дайындық шараларымен танысып, атқарылған жұмыстары туралы ақпарат алған едік.

Толығырақ...

Самар ауылдық округінің мәжіліс залына бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен мекеме-ұжым, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысқан жиын өтті. Онда Көкпекті аудандық мәслихатына №11 Самар сайлау округі бойынша депутаты, бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Шаймарданова есеп берді. Сонымен бірге №10 Абай сайлау округі бойынша депутат С.Жотабаевтың есебі тыңдалды. Күн тәртібінде саяси кеңес құрамын, аудандық партия конференциясына делегат сайлау мәселелері қаралды. Жиынға Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаев қатысты.

Толығырақ...

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында көршілес төрт ауданның депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен семинар болып өтті. Көкпекті, Жарма, Тарбағатай және Зай-сан аудандарының халық қалаулыларының басын біріктірген семинар «Аудандық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциясының қыз-меті» тақырыбы аясында өрбіді. Өңірлік семинар жұмысына «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Динара Айтанқызы Исанова, Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов атсалысты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз