Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қай істің болса да басында жастар жүреді. Жастар орталығы осы істердің ұйытқысы іспеттес. Өткен жылда атқарылған жұмыстар бағаланып, болашақ бағыт-бағдар айқындап алуды мақсат еткен Жастар орталығы жастардың басын қосып, келелі кеңес өткізді. Қамтып отырған тақырып ауқымы да қомақты. Жастар саясатын аудан көлемінде жүзеге асыру барысы талқыланды.
Жастар орталығының атқарып келе жатқан істері игі нәтижелерін беруде. Белсенді жастарды бір жерге шоғырлаған орталық қазіргі таңда нақты әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын іске асыруда.
Атап өтсек, жастардың бастамасымен “Дипломмен ауылға”, “Жастар Отанға”, “Қазақша сөйлесейік!”, «Үлкенге құрмет» атты жобалар көпшілік арасында кең қолдау тауып келеді. Жастардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы да басқа құқықтарын жүзеге асыруды мақсат еткен белсенділер жас-тар арасында жауапкершілікті, іскерлікті, белсенділікті нығайту барысында алуан шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Жастар орталығына жаңадан сайланған басшы Азамат Халық бұл кездесудің алда атқарылар үлкен істердің бастауы екенін жеткізді. Азаматтың айтуы бойынша, шараның басты мақсаты – ауыл жастарының өзекті мәселелері мен сұрақтарын ортаға салып, шешу жолдарын қарастыру, аталған бағыттағы атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-әрекетін үйлестіру, жастарды әлеуметтік қолдау, олардың арасында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру және жүзеге асыруда жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру.
Сонымен бірге, кездесу барысында кешкі уақыттағы кезекшілік мәселесі қызу талқыланды. Жас ұстаздар мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірігіп атқаратын кезекшілік шарасының тиімділігін арттыру мәселесі көтерілді. Ауданымыздың бас имамы, жастар орталығының маманы Нұрнәсір Дүйсен имандылық тақырыбында сөз сөйлеп, елдің ішінде береке-бірлікті сақтау жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Назерке Советханова да ойын ортаға салып, аталмыш мәселеде кездесетін қиындықтармен бөлісті. Учаскелік инспектордың көтеріп отырған мәселесі бүгінгі күні аудан орталығында жасөспірімдер құқықбұзушылығының алдын алу жұмысын жандандыру қажеттілігін көрсетеді. Ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі маманы Мадина Құмарова спортпен қамту бойынша туындайтын мәселелерді ортаға салып, жастардың басын біріктіруде ұйымшылдықтың керектігіне назар аударды.
Бастама бар, бағыт айқын. Бірлігімен қашанда танылып келе жатқан көкпектілік жастардың ағымдағы жылы атқарар жұмыстарына тың серпін берер көшбасшылар да жеткілікті. Тек қана, ұйымшылдықпен жұмыла жұмыс істеу қажет. Сонда ғана, біздің жастар биік белестерді бағындырары сөзсіз.

Дархан БЕРДІБЕК

Аудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ар-налған салтанатты жиын өтті. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған ең ұлық мерекеміз - Тәуелсіздік күні Көкпекті ауданында кең көлемде тойланды.
Салтанатты жиын аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Са-ғандықовтың құттықтау сөзімен басталды: - Қайырлы күн, қымбатты қауым! Ардақты ағайын! Баршаңызды егемен еліміздің ең ұлы, ең қасиетті мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез-келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік - ең қымбат, ең асыл ұғымдар. 25 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Бұл - ата-

Толығырақ...

Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандықов 1986 жылғы Алматы-дағы Желтоқсан оқиғасына қатысу-шылармен кездесті. Әкіммен кездесуге біздің ауданда тұратын Желтоқсан оқиғасына қатысушы 4 азамат шақыр-ылды. Жұмабек Бахтинов, Серік Тұрлыбеков, Болат Тоқтамысов және Нұрлан Назарханов сынды ел үшін үн қатып, қазақ халқының болашағы үшін жанайқайын жеткізген азаматтарға «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» ме-рейтойлық медальдары табысталды.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Көк-пекті орта мектебінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты аудандық жанұялық жарыс өткізілді. Аталмыш сайысқа Көкпекті, Преображенка, Теректі, Самар ауылдарынан отбасылар қатысты.

Толығырақ...

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Жастардың Елбасымен 100 нақты қадамы» атты дәстүрлі V аудандық жастар форумы болып өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» аясында өткен шарада аудан әкімі Рамиль Сағандыков жастармен кездесіп, келелі кеңес құрды. Сонымен бірге, аталмыш шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев қатысып, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев модераторлық етті. Әр саланың үздіктері бас қосқан кездесу барысында жас-тар тарапынан ұтымды ұсыныстар айтылып, жеткен жетістіктер сараланды, еңбегімен үлес қосқандар құрметке бөленді.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз