Миллиондаған адамның жанын қиып, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 72 жыл толып отыр. Тарихи маңызы мол, адамзат баласын қырғынға ұшыратқан соғыста Жеңіс күнін жақындатуға қазақстандықтар өлшеусіз үлес қосты. Бұл күнде уақыт көші соқпағының сүрлеуі аяқталар тұста, Жеңісті жақындатып, елге оралған батыр ағаларымыздың қатары сиреп, санаулы ардагерлеріміз қалды. Елі үшін жанын пида еткен аға ұрпаққа қандай құрмет көрсетсек те артық емес.
Жыл сайын облыс орталығында өтетін Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткен аптада да дәстүрлі үрдісінен жаңылған жоқ. Көкпекті ауданынан жеткізілген ет, май, балық, сүт өнімдерінің мол таңдауы өскемендік тұтынушыны дән риза етті. «Freshmarket» фермерлік гастрономының аумағында өрбіген жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасарлары Дүйсенғазы Мусин және Нұрымбет Сақтағанов аралады.
Толығырақ...Субсидиялау - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін мемлекеттік қолдау нысандарының бірі. Алайда, Үкіметтен қаржылық қолдауды жаңа бастама білдіруге талпынатын, заманауи технологияларды енгізіп, өндірісті ұлғайтатындар ғана ала алады. Елімізде биылдан бастап берілетін субсидиялаудың жаңа жүйесі туралы бізге ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Талғат Уйданов айтып берді.
- Мал шаруашылығы саласында субсидиялау жүйесіндегі өзгерістер қандай?
- Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылы АӨК дамыту үшін мал шаруашылығына республикалық бюджеттен субсидиялауға 107 млрд. теңге қарастырылуда. Бұл, ең алдымен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында асыл тұқымды малдарды сатып алу болса, екінші блокта сатылған өнімдерді субсидиялау. Енді осы санатқа ауыл шаруашылық кооперативтерінің кіруін ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың көлемі ұлғайтылады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы бағдарламасының бағыты бойынша мал тұқымдарын асылдандыру жүзеге асады. Үшінші блок – өңдеуші кәсіпорындарды қолдау. Соңғы 4 жылда фермерлер жыл сайын әрбір аналық мал басына 18 мың теңге мөлшерінде субсидия алып отырды. Бұл субсидиялар сақталады, бірақ өлшемдерінде өзгерістер бар. Мұның соңғы нәтижесі алынған төлге байланысты болады. Қанша төл алынды, осыған сәйкес субсидиялар төленеді. Жылқы, түйе, ара шаруашылығы бойынша қолданыстағы қолдау шаралары сақталады және еш өзгерістер болмайды.
Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл - күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйіндегі аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаевтың төрағалық еткен жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе көктемгі дала жұмыстары болды.
Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Көкпекті ауылдық округінің ғимаратында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша алғашқы топ кәсіпкерлік сабақтарын алды. Жаңа жобаның тұңғыш шәкірттеріне арнайы ақжарма тілектерін Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаев, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев арнады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.