Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан хал-қына арнаған Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды ай сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.


Әр айдың бірінші сәрсенбісінде ауыл тұрғындары аудан әкімінің қабылдауына жазылып, өздерінің арыз-шағымдарын, талап-тілектерін аудан басшысына тікелей жеткізеді. Самар ауылдық округі әкімшілігінде өткен қараша айындағы қабылдауға үш адам жазылып, екі адам өз жеке бастарының мәселесімен аудан басшысы Р.Н.Сағандықовтың қабылдауында болды. Бүгінгі күнге көтерілген мәселелердің барлығы да әлеуметтік сипатта болды. А.Нұрахманова үш баланың анасы. Бір баласы іштен туа жарымжан. Бірақ, бұл науқастан емделуге болады. Жұбайы маусымдық жұмыс істейтін, өзі болса кішкентай сәбиінің күтімімен үйде отырған жас ананың баласын емдетуге апаратын қаражаты жоқ. Алматы қаласына ота жасауға жол түсіп тұрғанымен қаражат жағы тапшы. Ауыл тұрғынының жағдайына қаныққан Рамиль Нығметжанұлы, жедел түрде комиссия отырысында бұл мәселе қаралып, тиісті көмек берілетінін айтып, жас ананың көңілін орнына түсірді.
Н.Антонова Самар ауылында көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Қазір бұл үйдің тұрғындары жан-жаққа көшіп кеткен, ал үй болса есік-терезесі үңірейіп, бұрынғы көркі жоқ. Н.Антонова да осы үйдің бір пәтерінде тұрып келген, бірақ қазіргі күні жиенінің пәтерінде тұрып жатқан жайы бар. Ол кісі ауылдағы осындай үйлер жөнделсе, үйі жоқ, жалғызілікті қарттар мен мұқтаж адамдарға үлкен көмек болар еді дейді. Ауданда бұл мәселе бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Самар ауылында да көп пәтерлі үйлердің бірі жөнделіп, онда жетім және үйі жоқ азаматтарға баспана бөлінген болатын. «Бұл істі біз әлі де әрі қарай жалғастырып отырмыз, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берілген», - деді аудан әкімі. Зейнеткер аудан басшысының алдынан өзін толғандырған мәселенің аяқсыз қалмайтынына сенімді болып шықты.
Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау аудандық әкімшіліктің аппаратына жүктелді.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз