Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ораза айтының алғашқы күні Көкпекті ауылында орталық аудандық мешіті және жамағатының ұйымдастыруымен жүгіріс жарысы өткізілді. Ерлер және қыз балалар арасында өткізілгеген жаяу жарыс тартысты да қызықты болып өтті.

Толығырақ...

20 маусым күні Көкпекті ауданының 2017 жылғы түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырды. Көкпекті орта мектебінде орналасқан №861 ҰБТ тапсыру пунктінің бөлімшесінде өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге барлығы 124 түлек қатысты. Оның ішінде мемлекеттік тілде тапсырған 90 түлек және орыс тілінде 34 түлек бар.
Алғаш рет елімізде мектеп түлектері жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтті. Жаңа форматтағы ҰБТ 5 пән бо-йынша тапсырылды: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (20 тапсырмадан, шекті деңгейі - әр пәннен кемінде 4 баллдан) және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен (30 тапсырмадан, шекті деңгейі жаратылстану пәнінен 11, гуманитарлық 12 кем болмауы тиіс). 120 тесттік тапсырма бойынша түлек максималды 140 балл алуы мүмкін. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінді.

Толығырақ...

Облыс орталығы Өскемен қаласында аудандардың ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. 10 маусым күні қалалықтарға Көкпекті және Зайсан аудандары бірлесіп мол өнім ұсынды. «Fresh market» сауда кешенінің аумағында орын тепкен жәрмеңке қалыптасқан дәстүр бойынша өте жоғары деңгейде өткізілді.

Толығырақ...

Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биылғы жылы да мамыр айының 25-і күні аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Көкпекті ауданындағы барлық білім беру ордаларында мектеп оқушылары сап түзеп, ұстаздар қауымы жыл қорытындысын жасап, ал түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Бұл игілікті шара Көкпекті ауылындағы білім ордалары Ж.Шайжүнісов және Көкпекті орта мектептерінде де салтанатты түрде орын алды.

Толығырақ...

Ежелден «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деп өскен біздің халық үшін, ақсақалдардың ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену қоғамдық маңызы зор іс саналады. Алтын тұғыр ардагерлердің өмірлері өнеге дейтін болсақ, олардың жастар тәрбиесінде алар орны зор.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз