Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көктем мезгілі жақындаған сайын қаһарлана түскен ақпан да есесін жібергісі келмегендей, үсті-үстіне қарлатып, борандатып, еліміздің бірнеше облыстарында жолдар жабылып, жұртты бірталай әуресарсаңға салғаны рас. Жыл сайын қарының қалың түсуімен ерекшеленетін біздің ауданымыздың жолдары да соңғы күндері қар құрсауында қалды. Жергілікті жерде қыс мезгіліндегі автомобиль жолдарының жайкүйі қалай, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайында Көкпекті ауданының сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Мақсат Зарыпханұлы Капчиков айтып берді:


- Көкпекті ауданының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырым, оның 470,7 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар аудандық әкімшіліктің қарамағында болып табылады. 2016 жылы аудан жолдарын ретке келтіру жұмыстарына 44 802502 теңге бөлініп, бұл қаражат жыл басы мен соңғы кезеңдеріне қарастырылған. Өткен жылы жергілікті жолдарға қызмет көрсету мақсатында біз, «бір жерден қаражат шығару» әдісімен «ДСУ-14» ЖШС-мен құны 14 141 131 теңге және«Көкпекті Жолдары» ЖШС-мен құны 15 858 869 теңгенің келісімшарттары жасалды.
- Мақсат Зарыпханұлы, бүгінгі таңға жолдарды қардан тазарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін қандай шаралар жасалды? Қиындықтар болды ма?
- Биылғы жылы «бір жерден қаржыландыру» әдісі бойынша, қосымша сатып алулар арқылы қажетті техникасы бар жергілікті шаруашылықтар мен серіктестіктерді тарту біздің жұмысымыздағы жаңалық деуге болады. Осындай шешімге келудің өзіндік бірқатар себептері бар. Кейбір жолдардың, мәселен Преображенка-Мелитополь аудандық маңыздағы күре жолын ДСУ-14 ЖШС техникасы тазалау керек болды. Алайда, 1 – 18 қаңтар аралығында арақашықтықтың алыстығынан дер кезінде тазаланбай, көлік жүретін бөліктері тарылып, қар үйінділері жиналып қалды. Ауа райының бірде жылынып, бірде аяз болуынан, қар нығыздалып, мұзға айналуына әкеліп соқты. Осы жағдайлардың барлығы аудандық маңызы бар жолдардың уақытында тазаланбай, көлік қозғалысына кедергі келтіруіне себеп болды.
Енді, міне аудандағы 11 шаруашылықпен қосымша келісімшартқа отырудың нәтижесінде қызмет көрсетілетін учаскелерге техниканы бекер-ге жібермейтін болдық. Өйткені, барлық техникалар сол жергілікті жерден шығатындықтан бұл жұмыс бір жүйеге келтірілді. Бұл шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге септігін тигізуде. Сонымен қоса, келісімге отырған қызмет ұсынушылардың ұсынған қызметтері коммерциялық жағынан төмен бағалануын салыстыра отырып таңдалды. Соның арқасында 5 миллион теңге үнемдедік.
– Шаруашылықтар жолдарды қардан аршу бойынша өз мойындарына қандай міндеттер алды?
- Олардың жолдарға қызмет көрсету жұмыс-тарына қар үйінділерінен арылту, көлік жүретіндей етіп жолды кеңейту, жол жиектерін үйілген қар мен мұздардан тазалау және т.б. кіреді. Еңбекақысы орындалған жұмыстарды растайтын құжат арқылы төленеді. Осы орайда, Қойтас, Қараөткел ауылдарына апаратын учаскелердегі, «Преображенка–Шұғылбай-Мелитополь» автокөлік жолдарын тазалап жүрген Теректі ауылынан «Тоқтарбаев» ЖК, Биғаш бағытындағы, Ұзынбұлақ пен Шәріптоғайға кіре беріс жолдарды тазартуды бастаған «Макаров А.В.» ЖК жұмыстарын ерекше атауға болады.
Қазіргі күні жолдардың қары дер кезінде тазаланып жүр. Көкпекті ауданының сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жол тазалау қызметін атқарып жүрген мекемелерге қоятын ешқандай сыны жоқ.
Қыс мезгілінде жолдардың ашық болуы, әсіресе, әлеуметтік нысандар, аудан тұрғындарының алыс ауылдардан қатынауы үшін маңызы зор. Бұл азаматтардың тіршілік жағдайлары мен өміріне тікелей әсерін тигізеді. Мәселен, ауыл дүкендерінің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі, қатты науқастанып қалған кезде жедел жәрдем көлігінің келуі, мектепке оқушылардың тасымалдануы т.б. көптеген мәселелер.
Шынында да аудан аумағындағы тіршілік тамыры аталатын жолдардың қыстың екінші жартысында қардан тазартылуы көңіл көншітерлік деуге толық негіз бар. Тіпті, сонау шеткері жатқан ауыл-дармен жол қатынасы үзілген емес. Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, біздің жолдар сенімді қолда деп нық айта аламыз.

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз