ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын игі дәстүрге айналған ұстаздар күні 10 қазанда Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде ерекше аталып өтті. Ұстаздарды ұлағаттаған салтанатты шараға Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов, білім саласының ардагерлері, барлық орта білім беру ордалары мен балабақшаларының басшылары мен тәрбиешілері, мекеме, ұйым қызметкерлері қатысты. 

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұстаздарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Салтанатты шара басында аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен ауданымызда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын насихаттау мақсатындағы көрмеде болды. Көрмеде орыс, грузин, болгар, тәжік, неміс, коми шаньги, молдован, қырғыз, корей, монғолия, шешен, армян, татар, өзбек, белорусь ұлттарының ұлттық киімдерін киген өкілдер, сол ұлттың салт-дәстүрін көрсетіп, ұлттық тағамдарын таныстырды.


Салтанатты шараны құттықтау лебі-зімен ашқан аудан басшысы:
- Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді ай-шықты мереке ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалім – рухани байлықтың таусылмас қайнар көзі. Ұстаздық ұрпақ тәрбиесін, ұлт тәрбиесі деп ұғынған жандардың ұлы жолы. Осындай даңғыл жолдағы жауапкершілігі мол істеріңіз жаңа жеңістер мен толағай табыстарға толы болсын. Білімге деген зор құрмет, оқып-үйренуге деген ыстық ықылас ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі мінезіміздің мәйегі десек артық болмас. Сондықтан ұстазға деген құрмет мұғалімге деген қамқорлық біз үшін елдік ұстаным әрі мемлекеттің саясатының маңызды бөлігі. Егемен елі-міздің келешегі жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім беру жолында атқарып отырған еңбектеріңіз нәтижелі болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт және шығармашылық табыс тілей-мін. Мереке құтты болсын!, - деді. Құттықтау сөзден соң, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы білім сала-сының ардагерлері Қалимаш Темірғалиқызы Рахимова, Айшекер Каметайқызы Тоқпаева, Кеңес Дюсенұлы Дюсенев, Шәмшігүл Шайзадинқызы Жолданбаева, Күлпану Зейнулдинқызы Қожаеваларға «Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономика дамуына қосқан үлестері үшін» төс белгісін тағып марапаттады.
Сондай-ақ, бұл күні дарынды тұлға тәрбиелеу жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Көкпекті орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан Нұрланұлы Жүнісовке 150 мың теңге, Самар №1 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Ардақ Мэлсқызы Рахимоваға 100 мың теңге, «Шағын жинақталған мектептің үздік директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары» аталымы бойынша Пантелеймоновка негізгі мектебі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ирина Григорьевна Грунинаға 50 мың теңгенің ақшалай сертификаттары салтанатты түрде табысталды.
Білім беру саласында жас жет-кіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінен А.Татманова, Б. Хасенова, Б. Карибаев, Казнаковка орта мектебі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Д.Кенжина, музыка пәні мұғалімі М.Қанғашова, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің физика пәні мұғалімі Н.Сатыбалдина, Амангелді орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Жақашева, А.Пушкин атындағы орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары К.Омарғазина, балалар өнер мектебінің мұғалімі Л.Ситникова, Көкпекті ауданы білім бөлімінің әдіскері З.Раимжанова, Ай-қанат-2018 Республикалық слеті бойынша білім бөлімінің әдіскері Д. Садвакасова марапатталды.
Білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафина мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Құсайынов білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Салтанатты шараның соңы аудандық өнер мектебінің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз